Жасыл құрбақа

Басты бет / Биология / Жасыл құрбақа

Жасыл құрбақа — Биология бөліміндегі материал.

Материал — құрбақа, жасыл құрбақа, қосмекенді — осы тақырыптарға байланысты.

Жасыл құрбақа — Қазакстанда кең таралған қосмекенді. Дала, шөл, шөлейттерді мекендейді. Бақадан айырмашылығы уақытының көбін судан тыс жерде өткізеді, суға тек көбею кезінде, яғни уылдырығын шашатын кезде барады. Денесінің ұзындығы 7-14 см. Терісі кедір-бұдырлы, үсті сұр немесе сұржасыл түсті. Ымырт пен түнде белсенді ұшып жүрген жәндіктерді, әсіресе қатты қанаттыларды ұзын тілімен ұстап қоректенеді. Кеміргіштер інінде, тас астында және басқа да баспаналарда қазан-қарашадан наурызға дейін қыстайды. Күйлеу кезінде аталығы ән салады, құс дауысына ұқсас ұзақ құбылған дыбыс шығарады. Аналығы мамыр-маусымда тоспа суларда 12 мың уылдырық шашады. Шыққан итшабақтары балықтар ғана емес, басқа да жануарлар үшін қорек. Сондықтан итшабақтардың шамалысы ғана кішкене құрбақаларға айналады, бірақ соның өзі, әсіресе шөлдегі құрғап жатқан шалшықтарда көп болады. Құрбақа — өте пайдалы жануарлардың бірі.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасыл құрбақа деген не?

Бұл бетте Жасыл құрбақа тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Биология бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Жасыл құрбақа материалы Биология бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Биология бөліміндегі басқа материалдар құрбақа тақырыбындағы материалдар жасыл құрбақа тақырыбындағы материалдар қосмекенді тақырыбындағы материалдар