Терінің ісіктері қатерлі обырдың ішінде ең кең тараған және оларды гистологиялық жіктеу өте күрделі. Бұл ісіктер көбінесе тері эпидермисінен пайда болады. Тері көп қабатты жайылмалы эпителиймен қапталған, осы бөлігінен шығатын қатерлі ісік — обыр, ал дәнекер тіндерден — саркома, қалдардан — меланома пайда болады. Тері обыры — жалпақ және негізгі жасушаны эпителийден пайда болып, оның бірінші түрі барлық қатерлі ісіктердің негізгі қасиеттерін сақтап, ал екіншісі — қауіпсіз, баяу өсіп, бөгелме ісікті аз береді. Тері обыры бірнеше, не біреу болып кездеседі, осыған байланысты оларды тек сыртқы бейнесіне қарап, анықтап, диагноз қою өте күрделі. Сондықтан барлық жағдайда — гистологиялық немесе цитологиялық зерттеуді талап етеді.
Тері обырын сәуле, хирургиялық және дәрі-дәрмектермен толық емдеуге болады. Бұларға қосымша тағы криогендік, лазерлік және фотодинамикалық әдістер бар. Оларды қолдану ісіктің көлеміне, орналасқан жеріне, өсу дәрежесіне және ісік айналасындағы тіндердің қатынасына тығыз байланысты.
Егер ісіктің көлемі кішкене болса, онда рентген сәулесі қолданылады (45-50 Гр). Осы әдіспен 95% ға жуық емі нәтижелі болады, ал ісік жайылмалы болса және ол көз алдында, мұрында, құлақ қалқаншасында орналасса, онда емдік қасиеті төмендейді. Әдістің кемшілігі: ұзақ уақыт, бір айдан кем емес емделуі, айналасындағы сау ұлпаға зиянды әсерінен, олардың созылмалы өзгерістерге ұшырауы т.б. Хирургиялық ем-ісік кеудеде немесе аяқ-қолдарда орналасқан кездерде қолданылады. Ота кезінде ісікті кесіп алады, немесе оны электр тоғымен және лазер сәулесімен күйдіреді. Осындай ем криогендік жолмен де жүргізіледі.
Тері обыры ауруында теріні кесу көзге көрініп тұрған ісік шекарасынан ең кем дегенде 2,0 см-дей, ал базалиомада — 0,5 см қашықтықта жасалуы керек.
Жалпы хирургиялық әдіс-ісік сүйекке, қантамырларына өтсе немесе күйген жерде, тыртық үстінде іріңді жара пайда болса, нәтижелі болады.
Криогенді әдіс — сұйық азотпен (3-5 минут) ісікті мұздату арқылы үсітіп, ісік жасушаларын өліеттендіреді, ал ісік орны 3-6 аптадан соң, нәзік білінбейтін тыртыққа айналады. Бұл тәсіл пәрменді болу үшін үсітуді 2-3 рет қайталайды. Лазерлі сәуледе жақсы нәтиже береді, әсіресе, ісік сүйекке жақын орналасса немесе ол қайталанған кездерде. Егер ісік мұрында, көз айналасында немесе құлақта орналасса, ісік көлемі 1 см-ден аспаса, оған науқастың сезімталдығы болмаса, онда фотодинамикалық әдіс қолданылады.
Химиялық дәрі-дәрмектеден көбінесе 5 пайыздық фторурацил майы қолданылады; оны ісіктің жарасына 15-30 рет жағып, айналасын мырыш пастасымен қорғайды.
Ауру асқынса, өршісе блеомицин, проспидин дәрілерін қолданады.
1. Қазақстаңда тері обыры өте жиі кездесіп, өкпе обырынан кейінгі екінші орынды иелейді. Соңғы жылдары аурушандық көрсеткіші төмендеуде.
2. Тері обыры Қазақстанда біркелкі емес, еуропалық ұлттардың өзіндік үлесі көп облыстар мен аймақтарда жиі кездеседі.
3. Күн сәулесіне төзімді және тез арада «күйе қоймайтын» адамдардың терісінде, пигменті жасушасының деңгейіне байланыстылығы анықталған қара, не қоңыр қара түсті (афро-азиялық) нәсілдерде тері обыры еуропалық ақтүсті нәсілдерге қарағанда аз кездесетіндігі дәлелденген.
4. Күн ыстық құрлықтарда, аймақ пен өлкелерде тері обыры еуропалық көшпенділер арасында аборигендерге қарағанда жиі кездеседі.
5. Ашық далада жиі жұмыс істейтіндерде (фермерлер мен теңізшілерде) адамның күн көзінің ультракүлгін сәулесі жиі түсетін ашық жерлерінде (бет пен қол) жиі кездеседі.
6. Нақты ісік алды ауруларына пигменттік ксеродерма, Педжет, Боуэн және Кайр аурулары жатады.
7. Базальді жасушалы тері обыры өте баяу өсіп, онда бөгелме ісіктер аз болады.
8. Жайылма жасушалы тері обыры аймақтық лимфа бездеріне және алыста орналасқан мүшелерге бөгелме ісігі тез тарайды.
9. Базальді жасушалы тері обыры тек бір жерде ғана шоғырланып, «түйме» сияқты қолға қаттырақ сезілетін кішкене ғана түйінді сарғыш түсті болып келеді; жараланып, оның шет жақтары білеуленіп ісінеді.
10. Жайылма жасушалы обыр терең жараланып, түбі тегіс емес (кедір-бұдыр), тез қанағыш, жағалары өте қатты, айналасына таралып өскіш келеді.
11. Тері обыры тек морфологиялық әдіспен дәлелденеді.
12. Тері обырын әртүрлі әдіспен емдеуге болады, оларға сәуле лазер, радий, рентген, криогенді, хирургиялық және дәрі-дәрмек пен фотодинамикалық емдер жатады.
Әдеттегідей алдын ала сақтана жүріңіз деп кеңес береміз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі