Бату хан

Басты бет / Тарих / Бату хан

Бату хан — Тарих бөліміндегі материал.

Материал — Бату хан, Батый, Сайын хан, Шыңғыс хан — осы тақырыптарға байланысты.

Бату (Батый, Сайын хан) (1208 - 1255 жж.) — Шыңғыс ханның немересі, Жошының екінші ұлы, Алтын Орда мемлекетінің негізін қалаушы. 1227 жылы ақпанда әкесі қайтыс болып, Жошы ұлысын (Ертістен Дунайға дейінгі аралық) басқарады. 1235 жылы Қарақорымдағы Ұлы Құрылтайда Батысқа жорық жасау туралы шешім қабылданады. Бату бастаған қалың қол 1236 жылы Еділ бойына жетіп, жергілікті қыпшақ тайпаларын, келесі жылы желтоқсанда орыс князьдіктерін өзіне бағындырады.

1241 жылы Бату Еуропаға шабуылға аттанады. Краков пен Бреславль шаһарлары отқа оранады. Лигница түбіндегі неміс-поляктармен болған шайқаста Бату сарбаздары көшпелілердің соғыс өнерінің еуропалықтардан көш ілгері екенін дәлелдеді. 1241 жылдың желтоқсанында Ұлы хан Үгедей қайтыс болды деген хабар жетеді. Бату жорықты тоқтатып, Қарақорымға қайтады. Осы кезде Ұлы хан болып Үгедейдің ұлы Күйік сайланған еді. Бірақ Күйікті бұл таққа лайықсыз деп есептеген Бату бөлініп шығып, аймақта дербес мемлекет құрады. Оны Алтын Орда деп атайды.

Алтын Орда мемлекеті Шығыс және Батыс Дешті Қыпшақ жерлерін, Ресейдің Еуропа жақ бөлігін, Балтық теңізінің шығысындағы өлкелерді, Польша, Венгрия, Бұлғария, Кавказ аймақтары кіретін кең-байтақ жерлерді қамтыды. Алтын Ордада мемлекетті басқару ісі Шыңғыс ханның «Жасақ» заңдар жинағына сәйкес жүзеге асырылды.

Бату хан тұсында Алтын Орда нығайып, мемлекетті басқару ісіне, салық жинау жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізілді. Халық санағы жүргізілді. Аймақтағы байланыс желісі қалыптастырылды. Қалалар мен бекіністер салынды.

Бату 1255 жылы 47 жасында қайтыс болып, Еділ сағасындағы аралдардың бірінде (Ахтуба алқабы) орналасқан Сарай қаласында көшпелілер салтымен жерленген.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бату хан деген не?

Бұл бетте Бату хан тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Тарих бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Бату хан материалы Тарих бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Тарих бөліміндегі басқа материалдар Бату хан тақырыбындағы материалдар Батый тақырыбындағы материалдар Сайын хан тақырыбындағы материалдар Шыңғыс хан тақырыбындағы материалдар Алтын Орда тақырыбындағы материалдар