Ырғыз шайқасы — Тарих бөліміндегі материал.
Материал — Ырғыз шайқасы, Хорезм шахы, Шыңғыс хан, Ырғыз өзені — осы тақырыптарға байланысты.

Бұл — Хорезм шахы Мұхаммед пен Шыңғыс хан әскерлерінің арасындағы күтпеген кездесуден туындаған шайқас. Шайқас Ырғыз өзенінің бойында өткен. Сондықтан ол «Ырғыз шайқасы» деп аталып кеткен.
Шыңғыс хан Жошы мен Сүбедей басқарған әскерін меркіттерге қарсы аттандырған болатын. Олар 1216 жылы ерте көктемде Ырғыз бойын жайлап жатқан меркіттерге шабуыл жасайды. Моңғолдар қашқан меркіттердің соңына түсіп келе жатып, жолда Сырдарияның батысында (қазіргі Ақтөбе облысы Ырғыз ауданына қарасты) Ырғыз өзені бойында қыпшақтарға қарсы жорықта жүрген Мұхаммед шахтың 60 мыңдық қолымен ұшырасып қалады. Жошы елші жіберіп, шайқасқысы келмейтінін айтады. Жошының шешіміне қарамастан, хорезмшах оны соғысуға мәжбүр етеді. Сөйтіп, тұтқиылдан жолыққан мықты қолмен аянбай шайқасуына тура келеді. Шайқас үстінде Мұхаммед хан қолға түсе жаздап, ұлы Жәлел-әд-Диннің ерлігінің арқасында әзер құтылады. Қақтығыс күні бойы жүріп, кеш түсе саябырлайды. Екі жақ келісіп, соғысты ертеңгі күнге қалдырады. Жошы әскері от жағып алдаусыратып, түн қараңғылығымен жасырын шығысқа қарай қайтып кетеді. Осылайша, бұл шайқаста ешкім жеңбеген.
Бұл бетте Ырғыз шайқасы тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Тарих бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Ырғыз шайқасы материалы Тарих бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі