Өлең, жыр, ақындар

Ұлы даланың ұлы есімдері

т.ғ.д,. профессор Жамалов А., Педагогика ғылымдарының магистрі Утебаева А.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, физика кафедрасы

«Көпшіліктің санасында тарихи үде­ріс­тер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы ба­ба­ларының есімдерін мақтан тұтады. Мысалы, өткен дәуірлердегі Ту­тан­ха­мон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Ва­шингтон сияқты дүниежүзіне белгілі тұл­ғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» ба­ға жетпес символдық капиталы санала­ды әрі сол елдердің халықаралық аренада тиім­ді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр. Ұлы дала әл-Фараби мен Яссауи, Күл­тегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абы­лай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дү­ние­ге әкелді. Сондықтан, біз біріншіден, атақты та­рихи тұлғаларымыз бен олардың же­тіс­тіктерінің құрметіне ашық аспан ас­тын­да ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағар­ту энциклопедиялық саябағын ашуы­мыз керек», - деп Елбасымыз өз мақаласында жазды [1].

Елбасымыз біріншіден, «Ұлы дала есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябақты жасау, екіншіден, қазіргі әдебиеттегі, музыка, театр саласы мен бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар мен ақындар, ел билеген тұлғалардың галереясын ашу, үшіншіден, «Ұлы да­­ла тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік се­­рия­­ларды шығарып, тарату жұмыс­та­рын жүйелендіру және жандандыру қа­жеттігі туралы баяндады.

Ұлы тұлғалар – өздерінің саяси немесе рухани еңбегі арқылы қоғам қажеттіліктерін анағұрлым толық қанағаттандыра алып, оның дамуына айтарлықтай әсер еткен, атқарған қызметі өз мемлекетінің аясынан шығып, бүкіл әлемге пайдасын тигізіп, баршаға әйгілі болған адамдар. Сондықтан кез келген мемлекет тарихы ұлы тұлғалар ісінің призмасы арқылы анағұрлым айқын, әрі әсерлі көрінетіні тегін емес. Оның үстіне, тарихтың өзі де кейде осы тұлғалармен сәйкестендіріледі [2].

Адамзат қоғамының тарихында, ұлттар қоғамының тарихында басты рөлді ұлы тұлғалар атқарады.Қазақ тарихында  есімдері алтын әріппен жазылған «Ұлы тұлғалар» жетерлік. Ата-бабамыз дала бостандығын сүйе отырып,  тарихтың қатал кезеңдерінде салт-дәстүр мен тіл, дін, ділімізді жоғалтпай бізге сыйлады. Қазіргі тәуелсіз ел болуымыздың себепкері – Ұлы тұлғалар.

Қазақтың Ұлы даласында әл-Фараби мен Яссауи, Күл­тегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абы­лай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар дүниеге келді. Олардың жүрегі «Қазақ» деп соқты. Мысалы, Бейбарыс сұлтанның өзі туған жерін сағынып, жүрегінің қанжылағаны бізге тарихтан мәлім. «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағар­ту энциклопедиялық саябағын ашу арқылы қазіргі жастардың рухын көтеруге, жүректерінде паториоттық сезімдерін оятуға болады. Өткенді білмей, болашақты болжау қиын.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. https://aikyn.kz/2018/11/21/73794.html
  2. Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар. Студенттік топтар кураторларына көмек ретінде. 3-кітап / ҚР ҰҒА академигі А.М.Ғазалиевтің редакциясымен. – 2-ші басылым, өңдел. және толық. - Қарағанды: Қараганды мемлекеттік техникалық университеті баспасы, 2011. – 120 б.

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз