Эссе және өлең-жыр байқауы

Василий Валерьевич Жиров (бокс)

Қазақстанның танымал спортшыларының бірі — Жиров Василий Валерьевич. Ол 1974 жылы 4 сәуірде Балқаш қаласында туылған. Бокспен 12 жасынан бастап жаттыға бастады. 1989-1991 жылдары жасөспірімдер арасындағы республиканың, 1990 жылы КСРО-ның чемпионы атанды. 1993 жылы Германияның Берлин қаласында өткен Дүние жүзі чемпионатында күміс, 1995 жылы Венгрияның астанасы Будапештте қола жүлдені ұтып алды. 1994 жылы Жапонияның Хиросима қаласындағы XII Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Орталық Азия елдері 1-ойындарының, Азия кұрлығының және 1996 жылы АҚШ-тың Атланта қаласында өткен XXVI Олимпиада ойындарының чемпионы атағын жеңіп алды. XXVI Олимпиада ойындарында ең үздік боксшыға берілетін В. Баркер кубогін иеленді. 1997 жылдан бастап толығымен кәсіпқой боксқа ауысты. Жиров ІВҒ версиясы бойынша кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионы (2000). «Парасат» орденімен марапатталған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...