Миома — жатыр тінінің тегіс бұлшықет талшықтарында түйін түрінде пайда болатын қатерсіз ісік. Ісіктің дамуы гипоталямо-гипофизарлы аймақтың бұзылуына және эстрогендердің көп мөлшерде түзілуіне байланысты. Ісік жатырдың өзінде немесе жатыр мойнында орналасуы мүмкін.
Миома әдетте жасы отыздан асқан әйелдерде кездеседі.
Ауру дами келе жатырда бұлшықет түйіндері біртіндеп ұлғайып, жатырдан жүйесіз қан кетулер байқалады. Миома көбіне үш бағытта өседі: жатыр қуысына қарай, жатырдың сыртына қарай және жатыр қабырғасына. Әрбір ісіктің әсері оның қай жерге өсуіне, көлеміне байланысты әртүрлі болады. Егер ісік қуыққа және тік ішекке карай өссе, осы ағзалар қысылып, олардың қызметтері нашарлайды. Бұл ісіктер баяу өседі. Саусақпен тексергенде ауырмайды.
1. Ультрадыбыстық зерттеу;
2. Жатыр қуысын гистероскопиямен көру;
3. Құрсақ қуысын лапароскопия арқылы тексеру. Кейде әйелдерді кесарь тілігі арқылы босандырған кезде миоманың бар екені анықталады.
Кез келген әйел жүктілік басталысымен акушер-гинекологтарға барып, жиі тексеріліп тұруға тиіс. Егер миома бар екені дер кезінде анықталса, оны емдеу қажет. Кейде жүктілікті тоқтатуға да тура келеді, яғни түсік жасау мәселесі қарастырылады.
Миоманың кесірінен толғақ кезінде ауытқулар болады да әйелдің табиғи жолмен босануына кедергі келуі мүмкін. Ол жатырдың мойнына немесе төменгі бөліктерде орналасса, механикалық тұрғыдан біраз қиындық тудырады.
Емдеу әйелдің жасына, ісіктің өсу жылдамдығына, ауру белгілерінің білінуіне, түйіндердің қай жерге орналасқанына және асқынған-асқынбағанына байланысты. Миомасы әлі ұлғая қоймаған әйелдер гинекологқа жүйелі түрде қаралып отыруы тиіс. Дәрі-дәрмек миоманың кішкентай және қан кету аз болған жағдайларда тиімді. Миома анықталған кезде жатырды жиыратын, мысалы, котарнин хлориді, метилэргометрин, кальций хлориді, питуитрин сияқты дәрі-дәрмектер қолданылуы мүмкін.
Гормондармен де емдеуге болады. Егер әйел жас болса, прогестоген немесе үйлестірілген эстрогеногестагендер тағайындалады. Егер әйел 45 жастан асқан болса, етеккір айналымының екінші кезеңінде андрогендер тағайындалады.
Миома дәрілердің жәрдемімен жазылмаса, хирургиялық жолмен емдеуге тура келеді. Бұл әдістер көбіне мынадай жағдайларда қолданылады: ісік тез өсе бастаса жатырдан қан көп кетіп, әйел қаназдыққа ұшырайтын болса, басқа ағзаларды қысып, олардың қызметін нашарлататын болса; миома жатыр мойнында болса, ісік түйіндері некрозға айналса.
Миома гормональды препараттармен жақсы емделеді, бірақ әйел босанғаннан кейін немесе климакс басталған соң ол қайта пайда болуы мүмкін. Сондықтан дәрігерге дер кезінде барып, қаралып тұрған жөн.
Миоманы дәрілік өсімдіктермен де емдеуге болады.
Омела (шөп) — 1,5 бөлік, қырмызыгүлі (календула) гүлдері — 0,5 бөлік, адыраспан (гармала) шөбі — 0,3 бөлік, таспажоңышқа (спорыш) шөбі — 1,5 бөлік, қарабүлдірген (ежевика) жапырақтары — 1 бөлік, құлмақ (хмель) жемістері — 1 бөлік, бұрыш жалбызы (мята перечная) — 1 бөлік, күйдіргіш қалақай (крапива жгучая) — 1 бөлік, дала қырықбуыны (хвощ полевой) өскіні — 1 бөлік, сүйелшөп (чистотел) — 0,2 бөлік, киікшөп (душица) — 1 бөлік.
Осы қоспалардың екі ас қасығын бір стакан қайнаған суға салып, араластырып, түні бойы қозғамайды. Келесі күні сүзіп, тамақтан 1 сағат бұрын 2 ас қасықтан күніне 3 реттен 4 ай бойы ішу керек. Әр ай сайын 10 күн үзіліс жасаған жөн.
Бұл тұндырманы, яғни қоспаның 2 ас қасығын 1 литр қайнаған суға салып, тұндырып, қынапты шаюға да болады.
Г. Жұмадулаева акушер-гинеколог
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі