Шыңғыс хан

Басты бет / Тарих / Шыңғыс хан

Шыңғыс хан — Тарих бөліміндегі материал.

Материал — Шыңғыс хан, Тэмуджин, Темучин — осы тақырыптарға байланысты.

Шыңғыс хан (өз аты — Тэмуджин, Темучин) — Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есугей батырдың отбасында туған. Өзінің әскери таланты арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183-1204 ж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын [Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян (Даян) ханға дейін] талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды. Осы жеңістері және тайпа көсемдерін өз маңына топтастыруға бағытталған бірсыпыра әлеуметтік шараларды жүзеге асыруы нәтижесінде Тэмуджин дала ақсүйектері құрылтайының шешімімен 1206 жылы барлық тайпалардың ұлы ханы болып жарияланды да, «Шыңғыс хан» (түрікше «теңіз, мұхит» деген сөзден шыққан) лауазымын алды. Ішкі саясатта Шыңғыс хан мемлекетті басқару ісін бір орталыққа бағындыруға күш салды, түркі-моңғол тайпаларын «мыңдық» деп аталатын әскери-әкімшілік бөліктерге бөлді (өйткені хан талабы бойынша, бұл бөліктердің әрқайсысы 1000 атты әскер беруге тиісті болды). Шыңғыс хан бұларды жайылым жерлерімен қоса өз туыстары мен нояндарға еншіге бөліп берді.

Ұлы хан жазбаша іс жүргізуді ұйымдастырды. 1206 жылы ол әдеттегі құқық (яса) ережелерін бекітті. Мемлекет ішіндегі наразылықтарды басу үшін 10 мың адамдық жеке гвардия (кэшиг) құрды. Әскерде өте қатаң тәртіп орнатты: сәл кіналы немесе қорқақтық көрсеткен әскери адамдар өлім жазасына кесілді. Шыңғыс хан әскери стратегия мен тактикада мұқият барлау, жауды жекелеп талқандау, тұтқиылдан шабуыл жасау, дұшпанды алдау үшін арнаулы отрядтардан тосқауыл қою, қыруар атты әскермен маневр жасау, т.б. әдістерді қолданды. 1207-11 жылдары Шыңғыс хан Сібір мен Шығыс Түркістанды (буряттарды, якуттарды, ойраттарды, қырғыздарды, ұйғырларды) бағындырды. 1211 жылы Цзинь мемлекетіне жорық жасады. 1215 жылы Пекинді алды. 1217 жылы Солтүстік Қытай түгел Шыңғыс ханның билігіне көшті. 1219 жылы Корея патшалығы Шыңғыс хан әскерлерінен тізе бүкті. Моңғол әскерлерінің Солтүстік Қытай мен Корея патшалығына жорықтарын ірі қолбасшы, әмір Мұқылы Гауин Жалаири басқарды. Қытайға қарсы шабуылдан кейін Шыңғыс хан әскерлерінің бір тобы 1218-1219 жылдары Жетісуды, 1219-21 жылы Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алды. Басып алынған жерлерді Шыңғыс хан ұлыстарға бөлді де, ұлдарына үлестіріп берді. Жошыға Ертістен Орал тауына, одан оңтүстікке қарай Каспий мен Арал төңірегіне дейінгі жерлер, Орта Азиядағы иеліктерінен Солтүстік Хорезм мен Сырдария аймағы, Шағатайға Мауераннахр, Жетісу, Қашқария, Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Төле әкесінің ұлысы Моңғолияны мұраға алды. Шыңғыс хан Тұнғұстарға кезекті шабуылы кезінде қаза тапты. Соғысты Шыңғыс ханның мирасқорлары, Шыңғыс әулетінің хандары азды-көпті үзілістермен үсті-үстіне жүргізе берді.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (2)

Балқаш

Пікір жоқ

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шыңғыс хан деген не?

Бұл бетте Шыңғыс хан тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Тарих бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Шыңғыс хан материалы Тарих бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Тарих бөліміндегі басқа материалдар Шыңғыс хан тақырыбындағы материалдар Тэмуджин тақырыбындағы материалдар Темучин тақырыбындағы материалдар