Соқыр тышқан

Соқыр тышқан (Ellobios) — сұр тышқан тұқымдасының бір туысы. Дене бітімі жұмырлау, тұрқы 13 см, түгі жұмсақ, қылшықсыз, түсі сарғылт, қара қоңыр. Көзі кішкене, құлағы шала дамыған, күрек тістері жер қазуға икем, тіршілік әрекетін топырақ арасында өткізіп, жер бетіне сирек шығатын кеміруші. Евразияның дала, шөл аймақтарында таралған, тауда 4000 м биіктікке дейін кездеседі. Қазақстанда кең таралған түрі — кәдімгі соқыр тышқан (Ellobios talpinus). Бұның дене тұрқы 94,0-115,5 мм, топырақ бетінен 10-30 см тереңдікте топырақты қазып, өсімдік тамырымен қоректенеді. Қазып босатқан топырағын анда-санда жер бетіне шығарады және бұл топырақ осы қоректік ін жолының аузын жабады. Інін, ұясын қоректік ін жолына жалғастыра 1,5-2 м тереңдікке жасайды. Бау-бақша, беде егістігіне зиян келтіреді.
Басқа да жазбалар
-
Тірі адамнан қарағанда өлі адамның қәзір әлемге тиіп жатқан пайдасы
-
Ұлттық киімдердің мәні мен ерекшелігі
-
Экология мәселелері: пластикпен күрес жолдары
-
Бүйрек,бүйрекүсті безінің анатомиялық құрылымы, морфологиясы, гормондық қызметі және клиникалық маңызын талдап, жүйелеу.
-
Бүйрек,бүйрекүсті безінің анатомиялық құрылымы, морфологиясы, гормондық қызметі және клиникалық маңызын талдап, жүйелеу
-
ОГНЕСТРЕЛЬНАЯ ТРАВМА: СУДЕБНО-МЕДИЦИНСКИЕ ПОДХОДЫ К ДИАГНОСТИКЕ И ЭКСПЕРТНОЙ ОЦЕНКЕ
-
Сот медициналық сарапшының этикасы мен кәсіби жауапкершілігі
-
Әрбір қиындық үшін жеңілдік келеді
-
Қызық факт: сіз-динозаврлардың бір бөлшегі болуыңыз мүмкін.
-
Миорелаксанттар. Жүйке тіні: жүйке талшықтары, жүйке ұштары, жүйке жасушалары және нейроглияға әсері
-
Адам жасушасы органоидтарының бұзылуы негізінде туындайтын аурулар
-
Генетикалық материалдың өзгергіштігі мен медициналық маңызы
-
Тоқтар мен электромагниттік өрістердің әсерінен ұлпаларда болатын биофизикалық процестер
-
Морфологическая картина травмы, вызванная воздействием на организм электрическим током в судебно-гистологической практике
-
Механическая асфиксия: Утопление как одна из форм асфиксии
Кәусар
Соқыр тышқандарға су, ауа арганикалық заттар әсер етеді