Өлең, жыр, ақындар

Александр Парыгин (бессайыс)

Александр Парыгин — Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері, 1994 жылғы Азия мен Азиялық ойындардың жеңімпазы, 1996 жылғы Атлантадағы Олимпиада жеңімпазы.

Қазіргі бессайыс түрлерінің (ату, қылыштасу, жүзу, атқа салт міну, жүгіру) өзіндік қиындықтары бар.

Саша мектепте оқып жүрген жылдары жүзумен айналысты. Ату шеберлігіне оны спортқа еңбегі сіңген бапкер А. Бабушкин баулыды. Қылыштасуды Қазақстанның ең мықты деген бапкерлері үйретті. 1996 жылғы Олимпиадада Парыгин бессайыстың бірінші түрінен – дүбірлі тапаншамен атуда 11-ші орын алды. Қылыштасудан үміті ақталып, 1-ші орынға ие болды. Жүзуден — 21 -ші орын. Атқа салт мініп жүруден екінші орынға ие болды. Енді жүгіру. Мәреге бір жарым айналым қалғанда қазақстандық спортшы ресейлік Зеновты басып озды. Александр Парыгин осылайша жігерлілігінің арқасында жеңіске жетіп, жанкүйерлерін таңғалдырады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз