Амазонкалар падишасы — Ипполита

Басты бет / Тарих / Амазонкалар падишасы — Ипполита

Амазонкалар падишасы — Ипполита — Тарих бөліміндегі материал.

Материал — Амазонкалар падишасы, Ипполита, эорпата, амазонка — осы тақырыптарға байланысты.

Бағзы заманда жауынгер амазонкалар Азов теңізін мекендеген. Олар өмірлерін үнемі соғысумен өткізген. Жебе, садақ, ұрыс балтасымен және жеңіл қалқанмен қаруланған. Киімдері мен дулығаларын өздері дайындаған.

«Амазонка» атауы қару ұстап соғысуға, садақ тартуға ыңғайлы болсын деп қыздың омырауын күйдіру немесе кесіп тастау ғұрпынан шыққан. Көне грек тілінен аударғанда «амма» — емшек, төс, «зона» — орын деген мағынаны білдіреді.

Амазонкалар өз ұрпағын жалғастыру үшін бөтен елдің еркектерімен некеге отырған. Егер ұл туса, оны өлтіріп тастап, тек қыздарды тірі қалдырған. Амазонкалар қыздарын нағыз жауынгерлер сияқты тәрбиелеген.

Амазонкалар трояндықтармен бірге ежелгі Троя қаласы үшін гректерге қарсы соғысады. Осы ұрыста Ахилл амазонкалардың батыр қызын - Пенфесилеяны өлтіреді. Геракл амазонкалар қаласы Фемискарды қоршап, олардың падишасы Ипполитаның белдігін иеленеді. Тесей Антиопаға (Ипполитаның анасы) үйленеді. Амазонкалар Эфес қаласын салып, осы жерде Артемида храмын тұрғызған. Ежелгі скифтер амазонкаларды «эорпата», яғни күйеуін өлтірушілер деп атаған.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Амазонкалар падишасы — Ипполита деген не?

Бұл бетте Амазонкалар падишасы — Ипполита тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Тарих бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Амазонкалар падишасы — Ипполита материалы Тарих бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Тарих бөліміндегі басқа материалдар Амазонкалар падишасы тақырыбындағы материалдар Ипполита тақырыбындағы материалдар эорпата тақырыбындағы материалдар амазонка тақырыбындағы материалдар