Жақсылық көрсем өзімнен – Сұлтанмахмұт Торайғыров

Бұл бетте «Жақсылық көрсем өзімнен» атты Сұлтанмахмұт Торайғыров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.04.2015
  • 1
  • 1
  • 48266
Жақсылық көрсем өзімнен,
Жамандық көрсем өзімнен.
Тағдыр қылды деулерді
Шығарамын сөзімнен.
Өзім қылдым деулерді
Таса қылман көзімнен.

Жазалы емес құдай да,
Күн мен жұлдыз һәм ай да.
Жұмақ күткіш наданның,
Орны дозақ әр қайда.
\"Теңгерер соңыра\" — деген сөз -
Тек жұбаткан бір айла.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Нұрайым

Маған ұнады

Осы автордың басқа өлеңдері