Өлең, жыр, ақындар

Мамандық таңдау маңызды ма?

Адам өмірі үшін маңызы жоғары мамандықтармен қатар күнкөріс пен қызығушылық нәтижесінде пайда болған мамандықтар да жетерлік. Сонымен, мамандық таңдауда неге мән берген дұрыс? Қателескен жағдайда не болады? Бірнеше мамандықты алып жүру мүмкін бе?

Мамандық таңдау - маңызды қадам. Көптеген жастар бұл сынақпен мектеп бітірер сәтінде бетпе-бет келеді. Жастардың едәуір бөлігі өзі қаламайтын мамандықты таңдайды және таңдау барысында төмендегы принциптер назарға алынады:

  1. Грантқа түсу ықтималдығының жоғары болуы;
  2. Ата-анасы, достары не жақындарының ықпалы;
  3. Жұмысқа орналасу мүмкіндігі;
  4. Оқу орнының жақын аумақта орналасуы;
  5. Отбасылық себептерге байланысты;

Әрине, аспандағы арманды қуып, сағымға қол сермегенше, реалист болған да тиімді. Мұндай шешімге баратын жандардың өзі екі тарапқа бөлінеді: бірі ата-анасының байлығы мен билігыне сенеді; енді бірі ата-анасына қарайласу мақсатын алдына қойғандар. Бірақ, маңызды себебі ең алдымен өзіне, өз біліміне сенімсіздік болып есептеледі. 

Енді жастардың келесі тобының көзқарасын талдап көрейік. Олар өздері қалаған мамандықта таңдағандар, сол үшін еңбектеніп, ізденетіндер. Өздеріне сенімді, мақсаты айқын жастар. Тек... Ертең олар грантқа, өз қалаған мамандығына түспесе не боларын ойлап көрудің өзі қорқынышты. 

Өз таңдауыңды кез-келген уақытта өзгертуге болды, себебі қатып қалған қағида жоқ. Мамандық таңдағанда:

  • Өзің ұнататын, мінезіңе сай, жиі айналысатын істі;
  • Ата-анаң мен жақындарыңның пікірін;
  • Қазіргі білім деңгейің мен қанша уақыт бар екенін ескерген жөн.

Ал енді, егер қателік жіберіп, өзің қаламаған салаға түссең ше? Еш қорықпа... Себебі әр мамандықтың өз үйретері болады және қалаған мамандыққа оралу өз қолыңда. Сонымен бірге қазіргі дамыған заманда бірнеше мамандықты алып жүру де қиындық туғызбайды. Тек уақыт - сенің бағалы байлығың. Бастысы уақытыңды жоғалтып алма. 

Ергеш Арайлым


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз