Бұл бетте «Міне, алақай!» атты Сұлтанмахмұт Торайғыров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қараңғы тұман түнде еді,
Қара қазақ баласы.
Ай мен күн һәм жұлдыз жоқ,
Жым-жырт сахра даласы:
Дау мен жанжал, партия
Болған еді арасы.
Жасытып еді бұларды
Қараңғы түннің қарасы.
Жиырманшы ғасыр басында
Міне алланың панасы:
Бір жағынан ай туып,
Бір жағынан күн туып,
Жарық көрді алашы!
Шолпаннан үміт тағы да:
Біріксе елдің данасы;
Бұл үшеуі тізіліе,
Бейне қолдың саласы.
Көңіл менен көзді ашып,
Алға сүйреп барасы;
Бұл жарықтар барында,
Кім адасып қаласы?
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі