Өлең, жыр, ақындар

Жас ұрпаққа — адамгершілік-рухани тәрбие беру

БҚО, Шыңғырлау ауданы, Тасмола ОЖББМ

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Кабидуллиева Г.А.

Еліміздің туын асқақтатар білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тəрбиелеу — біздің алдымыздағы ең басты міндет. Ал ұрпақ  тəрбиесінде адамгершілік тəрбиесінің маңызы қай қоғамда, қай кезеңде болмасын күн тəртібінен ешқашан түскен емес. Оған дəлел Аристотельдің «Ғылымда ілгері ұмтылғанмен, адамгершілігі ақсап жатса, ондай адамның алға басуынан гөрі, кері кетуі тезірек» — деген сөзі дəлел. Осы тұрғыда жалпы білім беру жүйесін ізгілендіру қажеттілігі, қазіргі таңда рухани-адамгершілік тəрбие беру өзекті мəселе ретінде қарастыралады. Адамгершілік — бұл рухани тəрбие. Адамгершілік — адам бойындағы ең асыл қасиет жəне адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз-өзін сыйламайды.  Рухани-адамгершілік тəрбиесі-өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның əдеп  ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дəстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін жəне бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Оқушыларды рухани-адамгершілікке тəрбиелеу, болашағына жол сілтеу — бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мəселе. Əсірсе, мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тəрбиелеудің мазмұны осы жастағы балалардың ерекшеліктеріне сай келуі тиіс. Негізгі міндет — балалардың жақсы əдет, мінез-құлықын қалыптастыру. Баланың сезіміне əсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нəтижесінде оның рухани- адамгершілік қасиеттері қалыптасады. «Адамгершілікке тəрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі» — деп, Ы.Алтынсарин атамыз  айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп,өз-өзіне сенімділікті тəрбиелеуде  отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады. Рухани-адамгершілік тəрбие — екі жақты процесс. Адамгершілікке, еңбекке тəрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын жəне оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. «Бала тəрбиесі — мемлекеттің маңызды міндеті» деген сөзді Платонның өзі де бекер айтпаған болар. Өйткені ұрпақ тағдыры дегеніміз — ұлт тағдыры.    

Əрбір қоғамның дамуына байланысты бұл мəселе əрқалай шешіліп отыр. Қазіргі таңдағы ағымда оңай болыпотырған жоқ. Біз қайда бара жатырмыз, қандай ұрпақты тəрбиелеп жатырмыз, алдымызда не күтіп тұр деген сұрақ əрбір ата-ананың, əрбір педагогтың көкейінде тұр. Француз жазушысы əрі философы Жан-Жак Руссо өзінің «Эмиль немесе тəрбие туралы» атты кітабында «Баланы өмір сүруге үйрету керек» деп жазғанболатын, өйткені өмір сүру адамның — ең басты мақсаты мен міндеті. Ал өмір сүру дегеніміз өмірдің əрбір мезетін, əрбір  көрінісін толыққанды, бар мүмкіншіліктерімен, мүшелерімен сезіну. Дана деп көп ғұмыр сүрген адамды емес, өмірді жан-жақты сезіне білген адамды атамаймыз ба?!

Сондықтан да шəкірт оқу орнының табалдырығынан қандай да бір ғылым иемденіп қана емес, бірінші кезекте адам болып шығуы қажет. Ол өз жүрегі мен жанын өмірге жəне басқа адамдарға айқара ашқан, жалған қағидаларды ұстанбайтын, дүниеге өз көзқарасы бар тұлға болуы  керек. Адам болу дегеніміз адамгершілік қағидалар мен құндылықтарды ұстану, өмірдің мəнін өзіңнен емес, басқадан көру. «Өзің үшін!»  қағидасының «Өзге үшін!» ұстанымынан бəсең болуы. Адамгершіліксіз білімнің еш қажеті жоқ екендігін ХХ-шы ғасыр дəлелдеді емес пе?! Сол себепті де ұстаздың басты мақсаты — шəкірттерін адам болуға баулу деп тұжырымдауға тұрарлық. Əрбір пəн, əрбір сабақ, əрбір  тақырып осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталуы керек. Керек десеңіз, олардың барлығы да тек осы мақсаттың құралы ғана. Ал егер де оқушы қандай да болмасын бір тақырыпты немесе бір пəнді білмесе, бұл қынжылуға тұрарлық жəйт емес, өйткені мұндай жетіспеушілікті аталған биік мақсат толықтырады. Басқаша сөзбен айтқанда, шəкірт оқу нəтижесінде қандай да болмасын пəнді біліп емес, адам болып қалыптасуы керек. Жан-Жак Руссо ХVIII ғасырда «Бізде физиктер, геометрлер, химиктер, астрономдар, ақындар, музыканттар, суретшілер бар, алайда бізде азаматтар жоқ» деп налып айтқан екен. Бір ғасырдан кейін орыс педагогы Н. И. Пирогов педагогикалық процестің мақсаты «біздер адам қылу, саудагер, заңгерлерді тəрбиелеу емес, адам мен азамат қалыптастыру» деп Жан-Жак Руссоға үн қосады.      

Ғұлама хəкім Абайдың негізгі ұстанымы да «Адам бол!» еді ғой… Абай өзін өзгеден артық санайтын адамнан бойын тартып, тіксініп қана қоймай, оны адам қатарына қоспаған.  Адам мен адам бір-біріне тең тұтқанда, тегін сыйлағанда ғана сүюі мүмкін. Адам баласын осылай  сүйе алған Абай «Адамның баласы — бауырың», «Адам баласына адам баласының бəрі — дос»,  «Адамзаттың бəрін сүй, бауырым деп» деген нақыл сөздерінен білуге болады. Аса зор гуманистік сүйіспеншілікпен айтылатын мұндай ауқымды, құдіретті сөзді тек кеудесінде Жер шарындай алып жүрегі бар Абай сынды тұлға ғана айта алса керек. Сондықтан талай-талай ұлылардың тəлім-тəрбиелік əдеп-қағидаларын, өмірлік ғибратты өсиеттерін жастарымыздың санасына сіңіру, жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту білім беру жүйесіндегі қажетті шарты болып табылады. Білім өзінің шынайы міндетіне жауап беруі үшін оқушыларда жас кезеңінен бастап, ең маңызды адамдық саналарды — адамгершілікті, сүюді, аяушылықты, төзімділікті, имандылықты, əдептілікті, мейірбандылықты, шыншылдықты жəне басқа асыл қасиеттерді дамыту керек.

Рухани-адамгершілік білім беру жас ұрпақтың бойына өмірдің мəні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік  сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет-дарынының ашыла түсуіне, ақыл-парасатын дамытуына, яғни сəнді де мəнді өмір  сүруіне қызмет етеді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тəрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар — мұғалімдер мен отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тəлім-тəрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нəтижелі болары  өзсіз.  Бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тəрбиелеп өсіру — отбасының балабақшаның, барша халықтың міндеті. Адамгершілік тəрбиенің, адам бойында осы жақсы қасиеттердің болуы, жанұяға, өскен ортасына байланысты. Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оңбағыт беріп, теріс жерін дереу жөндеп, демеп жіберу ата-ана мен тəрбиешіге жүктелер міндет. “Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған бақ та, бақытта қонады” деген сөзге сүйенсек, жағымсыз қылық- қасиеттер болса одан арылту қажет. Көптеген қайырымды істер жасап, жақсы мінез-құлықтарды  өн бойыңа жинап, ақылдылық танытсаң, міне адамшылдық болғаны.

Ұлы ойшыл, кемеңгер Əбу-Насыр əл-Фараби: “Адамдар бақытты болуы үшін біріне бірі көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала ізгі қала болады. Халқы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп отырған қоғам да ізгі қоғам болады. Қалалардың бəрі бақытқа жету жолында біріне бірі  көмектесіп тұратын халық ізгі халық болады. Сол сияқты, халықтардың бəрі бақытқа ұмтылып, біріне бірі көмектесіп отырса, бүкіл жер жүзі  ізгі болар еді”  дегендей, осы асыл мұраларды, жалпыадамзаттық құндылықтарды көпшіліктің бірлесе əрекет етуі арқасында ғана қол  жеткізуге болады. Сондықтан баршаңызды осы игі істің жолында олжа салуға мүмкіндігіңіздің бар екендігін айтқым келеді.

Қолданылған əдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. — Алматы.

2. Құрманалина  Ш.Қ.,  Мұқанова  Б.Ж.,  Ғалымова  Ə.У.,  Ильясова  Р.К. Педагогика.

3. Губашева С.Г., Отарбай А.Ж. Тəрбие жұмысының əдістемесі.

4. Əлімов А. Интербелсенді əдістемені ЖОО-да қолдану мəселелері. — Алматы.

5. Мейір Ж., Игенбаева Б. Креативтік тəрбие


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз