ҚазҰУ-ым мақтанышым, сенімді болашағым!

Басты бет / Оқушылардың өзге жұмыстары / ҚазҰУ-ым мақтанышым, сенімді болашағым!

ҚазҰУ-ым мақтанышым, сенімді болашағым! — Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі материал.

Материал — ұстаз, шәкірт, ертегілер, өнеге — осы тақырыптарға байланысты.

Іргетасы 1934 жылы қаланған Әл Фараби атындағы  ҚазҰУ баршаның көзайымына айналып үлгерді. Оған дәлел – көз тартар әсем табиғатымен, жанға жайлы жатақханасымен, жаңа технологиялық құрал-жабдықтармен жасақтандырылған оқу корпустарымен, демалыс саябақтарымен айрықша көзге түсетін – ҚазҰУ қалашығы. Расымен де, осындай жан-жақты ресурстармен қамтамасыз етілген қалашықты елемей өтуге болмайды. Оған қоса, барша студенттің талантын, өнерін ортаға салуға мүмкіндік беретін киелі сахна төрі орналасқан Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы алыстан мен мұндалайды. Мұның бәрі - ерен еңбектің жемісі, жетістіктің айғағы, бірліктің көрінісі.  

Ендігі кезекте оқу корпусы, оқу жүйесіне тоқталайық. Әр түрлі мамандық иелерін даярлайтын оқу корпустары жеке-жеке орналасқан. Бүгінгі таңда университет қабырғасында 13 факультетте 20 мыңға жуық болашақ кадрлар дәріс алып келеді. Осыған сәйкес оқу ордасында жоғары санатты, тәжірибелі, білімді, еңбегң сіңген  профессорлар, доценттер, кандидаттар,  ұстаздар әр дәрісін студенттердің қызығушылықтарын арттыру мақсатында ерекше түрде өткізеді. Бұл да ертеңгі болашақ иесінің жан-жақты тәрбиеленіп өсуіне кепілдік береді. Сондай-ақ, оқулықтармен толық қамтамасыз ететін кітапханада электронды жүйеде де тапсырыс беруге болады. Бұл мүмкіндік студенттердің технологиялық құрылғыларды жетік меңгеруімен қатар, уақытын үнемдеуге көмектеседі.  

Университетімізде оқу жүйесі Болон үдерісі бойынша жүзеге асырылады. Әр студент өз логині, паролі арқылы кез келген уақытта оқу үлгерімімен таныс бола алады. Сонымен қатар, қосымша тапсырмаларды, қажетті материалдарды, дәрістің қысқаша сипаттамасын лезде электрондық журнал арқылы көре алады.  

Осындай сан мүмкіндіктерге толы Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенті атану - асқақ арман, үлкен бақыт, зор мәртебе. Сондықтан біз үшін бұл үлкен абырой, үлкен мақтаныш!

ҚазҰУ - дың Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының  Phd докторы  Утебаева Д.С. және оқытушы Абдуллаев Н.

ҚазҮу - дың Дінтану және мәдениеттану кафедрасының 4-курс студенттері: Дихамбаев Н. Ахметов Д. 



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

ҚазҰУ-ым мақтанышым, сенімді болашағым! деген не?

Бұл бетте ҚазҰУ-ым мақтанышым, сенімді болашағым! тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

ҚазҰУ-ым мақтанышым, сенімді болашағым! материалы Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі басқа материалдар ұстаз тақырыбындағы материалдар шәкірт тақырыбындағы материалдар ертегілер тақырыбындағы материалдар өнеге тақырыбындағы материалдар дәстүр тақырыбындағы материалдар спаегершілік тақырыбындағы материалдар dauka жариялаған басқа материалдар