Ананас және оның пайдасы

Басты бет / Денсаулық / Дастарқан / Ананас және оның пайдасы

Ананас және оның пайдасы — Дастарқан бөліміндегі материал.

Материал — ананас, өсімдік, Ананастың жемісі — осы тақырыптарға байланысты.

Ананас (лат. Ananas comosus) көпжылдық шөп тектес өсімдік. Ананастық отаны — Оңтүстік Америка құрлығы. Қазіргі кезде тропиктік аймақтарда өсіріледі. Бір қызығы, тропиктен шалғай жатқан Голландияда (Нидерланды) ананас өсімдігі жылыжайда (теплица) өсіріледі.

Ананас — жылусүйгіш, жарықсүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдік. Ананастың жемісі өте дәмді әрі пайдалы. Ананас шырынындағы ферменттер ас қорыту барысында пайдасын тигізеді. Құрамындағы ферменттердің атқаратын қызметі трипсин ферментіне өте ұқсас келеді, диеталық қасиеттері де бар. Ананас жемісін жеген кезде ол піскен болуы керек. Піспеген жеміс ерін мен ауыз қуысын зақымдайды.

Ананастың құрамында барлық дәрумендер мен көптеген минералды заттар бар. Ананастың құрамындағы минералды заттар: калий, темір, мыс, мырыш, марганец, магний, кальций және йод.

Ананас қан қысымын төмендетуге және қан тамырларының қызметін жақсартуға қызмет етеді. Ананастың көптеген аурулардың алдын-ала хабарын алуға тигізер көмегі де аз емес.

Ағзадағы асқорыту жүйесінде ақаулар пайда болса, бір стакан ананас шырынын ішіп, аздаған мөлшерде жемістен жеген абзал. Ананас шырыны асқазан сөлінің белсенділігін арттырады. Егер етті тағам жеген болсаңыз, онда ананас шырынын ішіп, жемісін жеуді ұмытпаңыз. Ол еттің оңай қорытылуына көмектеседі.

Ананастың тағамдық қуаттылығы төмен, небары 100 гр.-ға 48 ккал. болады. Ал құрамындағы калий тұзы ағзадағы артық сұйықтықтар мен заттарды кетіреді, бірнеше келіге дейінгі артық салмақтан арылтады.

Ананастан жасалған десерт денедегі артық майларды жағуға және зат алмасу процесін дұрыстауға өз ықпалын тигізеді.

Қазіргі таңда көптеген зерттеуші-дәрігер мамандар ананастың құрамындағы ферменттердің көмегімен рак ауруларын (қатерлі ісік аурулары) емдеу ісінің тиімділігін арттыру мақсатында жұмыстар жасауда. Ананасты тұрақты түрде қорек етудің пайдасы онкологиялық ауруларды алдын-ала ескертуге керемет әдіс ретінде саналатынын дәлелдеді.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (2)

Камилла

Ананас жақсы көремін!

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Ананас және оның пайдасы деген не?

Бұл бетте Ананас және оның пайдасы тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Дастарқан бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Ананас және оның пайдасы материалы Дастарқан бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Дастарқан бөліміндегі басқа материалдар ананас тақырыбындағы материалдар өсімдік тақырыбындағы материалдар Ананастың жемісі тақырыбындағы материалдар