Қадақ — Шығыс елдерінде көп қолданылған салмақ өлшемі. Қадақ ескіліктегі жазбаларда жиі ұшырасады. Еуропада кең тараған фунт өлшеміне сәйкес келеді. Ол 200 грамға тең. Кейбір мәліметтер бойынша, қадақтың мынадай түрлері болған: Дешті Жұма қаласында — 317 г, Қаратегін қаласында — 634 г, Қаттақорған қаласында — 409, 512 г.
Батпан — салмақ өлшемі. Бір батпанда 200-300 грамм ауырлық бар. XIX ғасырларда Ташкент, Шымкент қалаларында бір батпан 10,5 пұт, яғни 171,99 кг, Әулиеатада 12 пұтқа тең келген, яғни — 196,56 кг-ды құрайды.
Мысқал — 25 грамға тең салмақ өлшемі (бір қадақта 96 мысқал бар).
Шөкім — бес саусақтың шөкіміне іліккен заттың өлшемі.
Пұт — салмағы 16 килограмға тең ауырлық өлшемі. 1 пұт — 40 қадақ.
Қолтық — кісі қолын бүгіп бүйіріне жеткізгенде қолтығының астына сыятындай көлем.
Шымшым— ұсақ затты бас бармақ пен сұқ саусақтың арасына қысып ұстағандағы сыйымдылық өлшемі.
Қос уыс — қос қолдың алақанын біріктіре қобылай ұстағандағы сыйымдылық өлшемі.
Уыс — қолдың алақанын қобылай ұстағандағы сыйымдылық өлшемі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі