Өлең, жыр, ақындар

Қазақ шоу бизнес қарқыны

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
журналистика мамандығының III курс студенті Батырбек Гүлайым
Жетекшісі: Жұмабаева Анархан

«Шоу бизнес» ағылшын тілінен енген «көрініс, көрме, спектакль» деген ұғыммен тығыз байланысты. Шоу бизнестегі басты міндеттердің бірі-өнер адамы халық алдына шығып дарынын паш ету, табысқа кенелу. Қазіргі таңда қазақ эстрадасында ән де, әнші де баршылық. Алайда, елімізде саны бар, сапасыз дүниелер кездесіп жатқандығы мәлім.

Қазақ шоу бизнесі біртіндеп дамуда оның бірдәлелі еліміздің талантты әншілері өздерін жоғары деңгейде көрсететін вокалдық байқаулар өткізіліп жатыр. Бұл шоу бизнесіміздің дами түскендігі және де қазақ сахнасы жаңа есімдермен толығуда. Соның бірі қазақ эстрадасында q pop бағыты яғни, қазақ поп музыкасы. Осы бағыттың кемесімен түрлі әншілер желкенделіп келеді. Қазақ поп бағытын құрушы өкілдерінің бірі —  Ninety One тобы. Бұл топты халықтың бірінші жағы мақтап жатса, екіншісі даттауда. Әрине, қанша халық тұрақталса, сонша пікір болуы заңдылық. Дегенмен де, халықтың басым көпшілігі топтың сыртқы келбеттеріне сын-пікірлер айтылуда. Біріншіден, сахналық образ болған жерде халық дұрыс қабылдауы қажет деп санаймын. Екіншіден, сахнаға бет бұрғасын, назарын халыққа іліндіргесін жерде бәріне дайын болу жөн сынды. Әсіресе, қазақ эстрадасында халқымыз сыншыл болып келеді. Халықты баурап алумен қатар, сахнада қалықтау керек. Сонымен бірге, бір бағытпен қатып қалмай өнер адамына жан-жақтылық керек.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шоу бизнестен гөрі, той-бизнесті көп еститініміз рас. Себебі, қазақ халқының қалыптасуы той деңгейіне дейін түсіп кеткені ме? Елімізде шоу деңгейін өркендету үшін не тындыруымыз қажет? Қазақ жұрты үшін той ұғымы ерекше. Халқымыз бағзы заманнан бері отыз күн ойын, қырық күн тойын жасаған. Әр ұлттың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл да бір өз ұлтымыздың ерекше тұсы шығар. Біз ұлан асыр той өткізіп, ағайын-туыстың басын біріктіріп, әуелеген әуезді әнге билегенді ұнатамыз.

Шынымен де, берекелі қазақ халқы той тойлаудан шаршамайды, лайым әр кезде солай болғай. Әйткенмен де той дегенде, жағымсыз пікірлер әншілерге тиіп жатады. Әндердің құны кетіп, бір сарынды әндер толып кетті дейді. Әрине, әншіні тойға шақырту үшін оның 2-3 әні халықты өзіне тартып, билеткен дұрыс. Баяу әндерді тойшыл қауым сабырмен құлақ асып тыңдай алмайды. Сонда әнші не істеуі қажет? Мүлде тойдан бас тартқан жөн деп санайсыз ба? Сайып келгенде, жасөспірімдерге заманауи әуендер, ересек буын өкілдеріне ескі әуендерді заманға сай тұрғыда жазу. Сондай-ақ ән әншісін табуы тиіс. Сонда ғана қазақ шоу бизнесі қарқындамақ.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз