Мінезің - қаруың!!!

Басты бет / Оқушы және студент жұмыстары / Мінезің - қаруың!!!

Мінезің - қаруың!!! — Оқушы және студент жұмыстары бөліміндегі материал.

Материал — психология, Қоғам, Өмір, адам — осы тақырыптарға байланысты.

Жақсы мінез - бүкіл өміріңнің сарқылмас  байлығы.

У. Гэзлит

Адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығын-мінез-құлық деп атауға болады.Әрбір адам өзінің өскен ортасына, тәрбиесіне байланысты түрлі мінез-құлықтарымен ерекшеліп тұрады. Әлемде қанша адам болса,  сонша мінез-құлық бар.Олар бір-біріне мүлдем ұқсамайды.Өмірлік тәжірибе  мен түрлі жағдайлардан қалыптасқан мінез адамның қоғамдық ортаға, тәртібіне,жұмыс жасап жатқан немесе оқу орнындағы өзін қоршаған адамдарға,тіпті өзіне қатты әсер етеді.Адамды мінез-құлқымен тануда тек оның белгілі бір жағдайларда  қалай ойлап, қандай істер істейтінін аңғарсаңыз жеткілікті."Адамның басына қонған бақыттың тұрақтылығы жақсы мінез-құлыққа байланысты" - деп, ұлы тұлғамыз Әл-Фараби бекер айтып кеткен жоқ деп ойлаймын. Мінез арқылы адам үлкен жетістіктерге жете алады. Қандай жағдай болмасын өзін сабырлы ұстап, шыдамдылық таныта білсе бағындырар белес қалмайды. Көп жағдайда адамдар бір қателік жасап, сүрініп жатады. Сол болмашы сүрініске бола бүкіл өмірін кінәләп,әрбір атқан таңын өкінішпен өткізіп жатады.Неге, сол бір  сүріністі бізге берілген сынақ деп қабылдамасқа?! Қателіктен сабақ алып, шыңдала түспеске?! Арман қуып үлкен қалаға келгенде адамның мінезі күрт өзгереді. Себебі, ол қазір үйіндегі ата-анасының қасындағы ерке қыз не ұл емес. Ол қазір үлкен қаланың тұрғыны, студент. Мінезінің қаталдану шағы осы кезде болады. Себебі, қоғамда болып жатқан әділетсіз жағдайларда мінезі арқылы өз-өзін қорғай білу қажет. Қасындағы достарына, араласып жүрген адамдарына байланысты мінез де солай ыңғайланады.Жан-жақтан арман қуып келген өзі сияқты студенттермен араласып, ішінен өзіне мінезі ұқсайтын жанына жақын жанды тауып, сонымен шерін тарқататын болады.Университетте ол өзіне жүктелген жауапкешілікпен өзін үлкен қоғамның бір бөлшегі, Қазақстанның азаматы екенін сезіне бастайды.Қоғамдық өмірге белсене қатысатын достары болса, ол да  белсенділік таныта бастайды.Ол өзінің өмірінің 180 градусқа өзгергенін байқамай да жатады.Сіздің қандай ортаға түсетініңізге байланысты барлығы.Сондықтан, ортаны дұрыс таңдап, өзіңізге әр басқан қадамыңыз үшін есеп беріп, ой елегінен өткізіп отырыңыз. Әрбір оқуға келген студенттік алған қойған мақсаты ата-анасының үмітін ақтап, жақсы маман иесі атану. Ата-анамыз бізбен мақтан тұтса деген бір ой... 

Жамбыл Айсулу Даниярқызы



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мінезің - қаруың!!! деген не?

Бұл бетте Мінезің - қаруың!!! тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Оқушы және студент жұмыстары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Мінезің - қаруың!!! материалы Оқушы және студент жұмыстары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Оқушы және студент жұмыстары бөліміндегі басқа материалдар психология тақырыбындағы материалдар Қоғам тақырыбындағы материалдар Өмір тақырыбындағы материалдар адам тақырыбындағы материалдар мінез-құлық тақырыбындағы материалдар мінез тақырыбындағы материалдар AisuluZh жариялаған басқа материалдар