Өлең, жыр, ақындар

Халықтың ойы не шешеді: Қазақстанға АЭС салу керек пе?

Ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, 2030 жылға қапай Қазақстандықтар электр тапшылығына ұшырайды, дегенмен атом электр станциясын (ары қарай – АЭС)  салу мәселесінде көпшіліктің пікірі ескерілетін болады.Көпшіліктің пікірі қандай болмақ? Ел электрге тапшы ма? АЭС пайданың көзі ме, әлде қауіптің қақпаны ма? 

Алғаш рет АЭС құру туралы идеяны 1997 жылы Қазақстан Республикасының ғылым министрі Владимир Школьник ұсынған болатын. Сол кезде оның оның мақсаты- Маңғыстау АЭС-інің (МАЭК) қуатын пайдаланатын жаңа АЭС  салу еді. Осы уақытша дейін бірнеше келіссөздер болды, бірақта олар ештеңе шеше алған жоқ.

2019 жылдың 3-ші сәуірінде Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан басшысын Касым-Жомарт Тоқаевқа ресейлік технологияларды пайдалана отырып атом электр станциясын салу туралы ұсыныс жасады.  Келесі күні Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев Алматы облысындағы Үлкен елді мекенін атом электр станциясының  құрылысы үшін алдын-ала дайындалған жер деп белгіледі.  Осылайша атомдық электр станциясы Балқаш көлінде пайда болуы мүмкін.

Мамандардың пікіріне құлақ түрсек, атом энергиясы қуаттылығы жағынан көмір мен газдан әлдеқайда жоғары әрі сыртқа аз қалдық шығарады екен. Сондай-ақ, уранның Қазақстанның өз ішінде өндірілуі, қосымша қаржыны талап етпеуі де бұл саланың артықшылықтарын көбейте түседі.Ресейдегі 10 АЭС-тің бірінде қызмет ететін ғалым Руслан Алыев сұхбаттарының бірінде энергия алудың осы жолын экологиялық ең таза әрі қауіпсіз деп атайды. "Бұл қате десеңіз, біздің АЭС территориясындағы қояндар мен түлкілерді, ұшып жүрген шағала жайлы не дейсіздер?", - дейді Алыев. 

Ал "Байтақ Болашақ" экологиялық альянсының төрағасы Азаматхан Әміртайдың айтуынша, біздің ел атом электр станциясын салуға дайын емес. Оған эколог мамандардың жоқтығын себеп дейді."Менің ойымнша, АЭС салуға қауқарымыз әзірше жетпейді. Бұл мәселені барлық қаупін және мүмкіндіктерін анықтап қана қолға алу керек", - дейді Азаматхан Әміртай.

2014 жылдан бері елімізде шетелдік компаниялармен келіссөздер басталған болатын.Сол уақытта да Курчатов қаласы мен Балқаш қаласының маңы АЭС салуға «Үлкен  платформа»ретінде қарастырылды. Ал  2016 жылдың қарашасында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев республикада атом электр станциясы кем дегенде 7 жыл ішінде салынуы мүмкін екендігін айтқан.

Жалпы Қазақстанда атом электр станциясының салынуына басты себеп-елімізде уранның үлкен қоры болғандығы болып тұр. Бозымбаевтың айтуынша, дәлелденген қорлар 800 мың тоннадан асады, ал жалпы қоры - 1,4 миллион тонна. Жаңа экологиялық таза технологияларды енгізу жөніндегі Қазақстандық орталықтың  (CINEST) есебі бойынша мұнайдың бірлігіне елімізде өндірілетін  әртүрлі энергетикалық ресурстардың қорларын салыстыруға болады. Қазақстанның уран қоры Қазақстанның энергетикалық қорының 29% -ын құрайды. Ал,уран  өндіру шамамен 22 мың тоннаны құрайды, бұл мұнай баламасы бойынша 255,8 млн.  Бұл барлық энергия ресурстарының 62% -ын құрайды. Демек, жиі естілетін үндеу: Қазақстан өзінің уран байлығын өз қажеттіліктеріне пайдалану керек.  Сонымен қатар, Қазақстан уран түйіршіктерін және отын элементтерін (ТВЭЛ) өндіруді игерді, бұл өздерін ядролық отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

АЭС пайдасына екінші дәлел - бұл бедел. Атом электр станциялары,әсіресе уран өндіру және ядролық отын өндірісі бар елдер тек көмір немесе газ энергиясына негізделген елдерге қарағанда әлдеқайда дамыған деп есептеледі.

Шын мәнінде, уранның байлығын пайдаланудың логикасы талғамсыз болып көрінеді және арнайы негіздемеге мұқтаж емес. Бірақта  атом электр станцияларының қауіптілігі мен ірі радиациялық апаттардың ықтималдығы туралы да ескеруіміз керек. Чернобыль және «Фукусима-1» АЭС-дағы апаттардан кейін мұндай ықтималдылықты жою мүмкін емес.  Кез-келген АЭС жұмыс ережелерін мұқият қадағалап отыруды талап етеді. Оған қоса, АЭС қызметі көп мөлшерде суды қажет ететіндігін де ескеруіміз қажет. Себебі, құдық қазып күн көріп отырған ауыл-аймақтар саны елімізде әлі де жеткілікті. Ал бір ғана АЭС салудың бағасы бүгінде шамамен 8 млрд тг қаржыны құрайды. Тәуекел түбі қаржыны желге ұшырмас деген кепілдік кімде бар?

Екінші тараптан алғанда түрлі жарылыстардың себебі ескі техниканың әсерінен болуы мүмкін. Мысалы, Чернобыльдегі ГРМК-1000 графиті және Фокусима-1 АЭС-дағы бірінші буын BWR, 1960-жылдардың соңында және 1970-ші жылдардың басында салынған.  Ресей ұсынған VVER-1200 тәрізді заманауи реакторлар бұл тәжірибені ескере отырып салынып, әлдеқайда қауіпсіздік және қорғау жүйелеріне ие болады деген үміттеміз.

Күн энергиясы, жел энергиясы, отын энергиясы… Қуаттың көзі көп, жүзеге асырар ғалым да бар, тәуекел етер тәжірибе де бар, жеткілікті қаржы да бар, көмектесер «көрші» де бар. АЭС-ның пайдасы мен зияны бір қазаққа ғана емес бар әлемге аян, бірақ оны пайда қылып қаржы тапқан ел де бар, бас тартып бағын тапқан ел де бар. Қаралып отырған мәселе «Қазақстанға пайда береді ме, қауіпке алып келеді ме?» деген бір-ақ сөзге саяды. Бір жағынан«қолда бардың қадірін білу» де дұрыс, бәлкім. Табиғаттың қойнауынан қазаққа бұйырған уранды пайдаланудың тиімді жолы осы болса керек. Қатардан қалыс қалмай келген қазақ төртінші революцияға қадам басып келе жатқаны тағы бар: бұл да дамуға бастар бір қадам. Енді, елге қалған сұрақ: осының бәрін көре тұра қалай шешкен абзал? Десек те, одан бұрын «елдің шешімі бір нәрсені шешеді ме?» деген мүлдем басқа мәселе…

 

Шынар ТӨЛЕУХАН

Гүлмира ҚОШАЕВА

«Тұран» университеті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз