Бүгінгі таңда қоғамның ең бір өзекті мәселесі. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен аналар арасынан азғындаған қыздарымыздың осындай келеңсіз жайттарға ұрынуы бір ғана отбасының немесе бір ғана аймақтың қасіреті емес, қазақ деген ұлтымыздың ұятына таңба болып басылып тұр. Расында, алып-анадан туады! Кешегі дана тұлға Абайды Ұлжан шешей дәретсіз емізбеген екен. Сол әдептен тайып кеткендердің бүгінде көбейіп бара жатқандығы өңешіңді өртейді емес пе?! Соңғы айларда облысымызда орын алған «сұмдық» оқиғалар жаға ұстаттырды. Оның үстіне әншейінде тайып-жығылған кішкентай оқиғаны өңеш жырта айқайлап, әлемге жар салатын өзіміздің телеарналарымыз бұл оқиғаларды жарыса жариялауда. Амалсыздан арналарды ауыстырып жіберуге тура келеді. Оқиға орын алды, ел-жұрт болып кінәлілерге лағынет айтуда, тікелей кінәсі бар, кінәсі жоғы бар, лауазымды тұлғалар тегіс тағынан тайдырылып жатыр, «сабақ болсын» деп, әрине. Жаңа туған нәрестені «қоқыс жәшігіне тастап кетіпті», «әжетханада қалдырып кетіпті» деген сөздерді қазір көп еститін болдық. Басқа емес, өзіміздің қара көз қыздарымыз осындай қасиетсіздіктерге баруда. Қарапайым торғай екеш торғай да, өз балапанын қорғайды емес пе? Алланың қаһарынан қорықпай бұл жамандыққа қалай барады екен? Тіпті санаңа сыймайтын оқиға! "Қасқырда қас қылмайды баласына"- керемет сөз тіркесі! Әрине, барлағаның санасына жетіп, құйылса!
Бұрындары, осындай келеңсіздіктің барлығын өзге ұлт өкілдерінің көптігінен көретінбіз. Арақ ішуді, көшеде тұрып алып аймалап, сүйісуді, қыздарымыздың жалаңаштанып масқаралануын өзге ұлттан келген пәле деп бағалайтынбыз. Ал қазір ше? Тәуелсіз елміз, біртұтас ұлтпыз, «қазақ» деген халықпыз. Басқа ұлт өкілдері қазақтарды еліміздің «ұйыстырушы ұлты» ретінде төбесіне көтеруде. Білімімізді «мемлекеттік тіл» ретінде қабылдап, өз тіліндей үйреніп жатқандар қаншама?. Осындай жағдайда ақталуға себеп табылмас. Біреуге жаба салуға аузың да бармайды. Заман басқа дейін десең, желкілдеп өсіп келе жатқан білікті, білімді, әдепті жастарымыз бар, Төлегендей айбарлы жігіттеріміз де аз емес. Осылардың арасынан жаңағыдай әдепсіздер, көргенсіздер қайдан шығады?! Қоғам ауру дейін десең, дені сау, жұмыс істейтін адамдардың ең сорлысының жағдайы жаман деуге келмейді. Мектептен дейін десең, зәулім сарайдай сәулетті білім ошақтарының есігі айқара ашық. Ұстаздардың қателігі деп айтайын десең, олардың да еңбегі ерең. Айналып келгенде сол мектеп пен отбасындағы тәрбиеге келіп тірелері анық. Өзімізді өзіміз қанша ақтағанымызбен кінә өзімізден, мойымдауымыз керек шығар!.
Осы оқиғалардан кейін бесіктегі баладан бастап тәрбиеге басқаша қарауға, ең алдымен қазақы әдепке үйретуді қолға алуға міндеттіміз. Әсіресе, қыз балалардың бойына қазақтың ең асыл қасиеттерін, ең бірінші, өзінің ата-анасын, ата-әжесін, одан кейін бауырларын, туыстарын, үлкендерді, кішілерді сыйлау, құрметтеу сияқты қасиеттерді бойына сездіре білген жөн. Тәрбиедегі еңбек өтеусіз кетпейді. Ал, тәрбиені босаңсытсақ, баланы бастан бетімен жіберсек, онда ұрпақтың бүлінгені, немесе бүгінгі күннің қамына түсетініміз анық. «Қызға қырық үйден тыйым» деген қазақтың мақалы қағидаға айналуы тиіс. Айтуға оңай шығар, атқаруға қиын болар, бірақ ата-аналар болып, мектеп болып, қоғам болып осы айтылғандарды орындай алсақ, ұрпағымыз жаман болып өспесі хақ!
Сайын Тоғжан
Журналистика мамандығының 3 курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі