Өлең, жыр, ақындар

1858 жыл: Наполеон соғысының соңғы тірі қалған ардагерлердің портреттері

1815 жылы Ватерлоодағы шайқас Наполеон Бонапарт үшін соңғы жеңіліс болған еді. Тіпті 1821 жылы қайтыс болғаннан кейін де Ұлы армияның (Grande Armée) аман қалған жауынгерлерінің қолбасшысына деген құрметтері сарқылмаған болатын. Әр жыл сайын 5-ші мамыр, Наполеонның қайтыс болған күні, ардагерлер өз императорына деген асқан құрметтерін паш ету үшін Париждегі Вандом алаңында әскери салтанатты киімдерін киіп, саппен жүріп өтетін еді.

Бұл әсерлі портреттер 1803-1815 жылдары Наполеон соғысына қатысқан Француз ардагерлерінен қалған бірегей суреттер. Суреттер шамамен 1858 жылдың 5 мамырында түсірілген. Суреттегі 70-80 жастағы ер азаматтар өздері соғысқан униформаларын киген. Сондай-ақ, солдаттардың кеудесінен 1857 жылдың тамызында революциялық соғыс пен наполеон соғыстарының барлық ардагерлеріне табысталған медалін де байқауға болады.

Месье Верлинд, 2-ші улан полкі

Месье Витри, ведомстволық күзет.

Месье Дюпон, 1-ші гусар полкі.

Квартирмейстер Фабри, 1-ші гусар полкі.

Месье Шмит, 2-ші атты атқыштар полкі.

Гренадер Берг.

Месье Мэр, 7-ші гусар полкі.

Делиньон сержант-квартирмейстер

Гвардиялық гренадер киіміндегі Сержант Тария

Месье Дюсель, мәмлүк.

Месье Лориа, 24-ші атқыштар полкі. Құрмет легионы орденінің кавалері. Фотосуретке зер салсақ, Лориа шайқаста көз жанарынан айырылғанын байқауға болады.

Месье Мобан, 8-ші драгун полкі

Месье Лефебр, 2-ші инженерлік полктің сержанты

Гусарлық киімдегі Месье Море, 2-ші полк.

Месье Дреуз, 2-ші улан полкі


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Ұлжан

Баскиімдері ерекше екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз