Бұл бетте «Қожеке, келдіңіз бе көңілім сұрай?» атты Сұлтанмахмұт Торайғыров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
19.04.2015
1
1
6029
Қожеке, келдіңіз бе көңілім сұрай?
Менің адам болуым екі талай.
Көп болса бір жұмалық өмірім бар,
Байқашы, мына менің шамам қалай?
Дерт күшті, тамағымнан жүрмейді асым,
Жастыққа, жөтел қысып, тимей басым.
Тағдырдың кездестім ғой кермесіне,
Талапты жиырма сегіз деген жасым.
Аягуль
СУЛТАНМАХМУТ, ОЛЕТИНИН БИЛГЕН БА?????????????ОЙ ЖУРЕГИМ АЙ! КАНДАЙ СУЛУ БОЛГАН. КУДАЙ АЙ ОМИРИНИН СОНША КЫСКА БОЛГАНАЙ