Қандай ұяң едің, қандай тіл алғыш –
Тайыр Жароков
Бұл бетте «Қандай ұяң едің, қандай тіл алғыш» атты Тайыр Жароков жазған тіл туралы өлең берілген.
Қандай ұяң едің, қандай алғыш тіл,
Қуанушы ең құлы да оның болуға,
Не болса да оған тіпті бәрі бір,
Жаны салқын, жабырқаңқы ед налуда.
Ал, бұрын ше... есіңде ме? Жас кезің,
Бұлаң өсіп, болдың тым паң, әдемі,
Ойнап едің билеп оны сен өзің,
Сүйген еді ол, сен ең сүйдім дегені!
Сондай-ақ күз күні бұлттан арылған
Жылытпайды көктің көркем бейнесін,
Жазды күні көктей өтіп дауылдан
Жандандырып шашса да нұр сәулесін.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі