Бұл бетте «Жаңбыр алдында» атты Тайыр Жароков жазған табиғат туралы өлең берілген.
Көңілсіз жел қуалай,
Көктен бұлтты торлаған,
Сыңсып, сынған қарағай
Күбірлеген қара орман.
Өзенге жасыл жапырақ
Жапырыла құлап төгілген,
Екпіні өткір құп-құрғақ,
Суық жел есіп жүгірген.
Ымырт түсе айнала
Жан-жақтан құс жарқылдап,
Қиқу салған ауада
Қарға, құзғын қарқылдап.
Арба өте алмай жегілген
Алда, жабық қақпасы,
«Кет!» деп қамшы үйірген
Делбешіге бақташы.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі