Өлең, жыр, ақындар

Қасқырдың басы мұз құрсанған аймақта 40 мың жыл жатқан

Якутиялық ғалымдар жұмсақ тіні мен миы сақталған бірегей олжаны зерттеуде.

Республикалық ғылым академиясының мамонт фаунасын зерттеу бөлімінің басшысы Альберт Протопоповтың айтуынша, қасқырдың бас сүйегінің табылуы – қалыпты жағдай. Табылған ересек қасқырдың басы жұмсақ тіні мен миы өте жақсы сақталғандықтан да құнды болып отыр.

Қасқыр үш-төрт жас шамасында. «Қасқырдың басының өлшемі — 40 см. Оны өткен жылы Тирехтях өзені бойынан Абый ауданында тұратын жергілікті тұрғын тапқан. Қазір қасқырдың басы зерттеу жүріп жатқан Якутск қаласында сақтаулы. Жапония мен Швеция ғалымдары да табылған олжаға қызығушылық танытып, зерттеу жұмысымен айналысуда.

Шетелдік әріптестердің айтуынша, аталмыш бас 40 мың жыл бойы сақталған. Қазірде түз тағысына ДНҚ талдауы жүргізіліп, томографиялық сканерлеу деректері өңделу үстінде. Мамандар табылған бас сүйекті ежелгі және қазіргі қасқырлардың бас сүйегімен салыстыруда.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Kuka

Қызықты мәлмет екен ол кездің қасқырлары үлкен болған шығар

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз