Өлең, жыр, ақындар

Неге бірнәрсеге зейін салып қарағанда бізге сөйлеп жатқандарды естімей қаламыз?

Бұндай «кереңдікке» бәріміз тап болып тұрамыз. Метрода, автобуста қызық кітап оқып отырып, керекті аялдамамыздан байқамай өтіп кетеміз, есеп шығарып отырып, басқалардың бізден не сұрап тұрғаны құлағымызға кірмейді.    

Бұл құбылысқа «зейінсіз кереңдік» деген атау берілді. Ол, адамның өміржасына және жынысына қарамастан, барлық адамда қандай да болсын бір дәрежеде байқалып тұрады.

Профессор Нилли Лави жетекшілік еткен Лондон колледжі университетінің қызметкерлері жүз адамнан құралған тесттік топ жинақтап, оларды компьютер алдына отырғызып қойды. Олардың барлығы күрделілігі әр қалай болатын тапсырмаларды орындауы тиіс болды. Бұған қоса олар, динамикасы әр түрлі, кейбірінде құлаққа түрпідей тиетін және қайталанбайтын беретін музыка ойнап тұрған, құлаққап тағып отырды. Тәжірибеге арналған уақыт аяқталған кезде оған қатысып отырғандардың барлығында музыканың үні өшіп, Лави барлығынан жұмысты тамамдауды өтінді. Сыналып отырғандардың көбі бұны байқамай, тапсырмаларын орындап отыра берді! Бұл ретте оңай тапсырма, мысалы, нысандардың түсін анықтау тапсырмасын орындап отырған 10 адамның 8-і музыка тоқтап қалғанын естіген. Ал күрделірек, мысалы, екі кесіндінің ұзындығын анықтау тапсырмасын, орындап отырған 10 адамның 8-і өзімен өзі болып, орнаған тыныштықты байқамай қалған.

Бұл құбылыстың негізінде визуалды ақпаратты өңдеудегі басымдылық болса керек: біз құлағымыздан және басқа сезім мүшелерімізден гөрі көзімізге көбірек сенеміз. Біз сыртқы қоздырғыштарға көңіл бөлмей қоямыз. Адамның осы ерекшелігі, қандай жағдайда болмасын, ұрыс-керіс пен өкпе-наздың себебіне айналмауы тиіс.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Дархан

Операциялық жүйесінде ақауы бар болғандықтан, multitasking -гі нашар )

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар