Әтеш — шақырады,
Есек — ақырады,
Аю — бақырады,
Тауық — қыт-қыттайды,
Бөдене — бытпылдықтайды,
Шыбын — ызыңдайды,
Шіркей — ызылдайды,
Қарға — қарқылдайды,
Қаз — қаңқылдайды,
Бақа — бақылдайды
Үйрек — барқылдайды,
Бүркіт — шаңқылдайды,
Сұңқар — саңқылдайды,
Сауысқан — шақылдайды,
Шағала — шаңқылдайды,
Қой — маңырайды,
Қозы — жамырайды,
Қасқыр — ырылдайды,
Борсық — қырылдайды,
Байғыз — шұрылдайды,
Тырна — тыраулайды,
Мысық — мияулайды,
Жылан — ысылдайды,
Кейбір аң — пысылдайды,
Ит — арсылдайды,
Торай — қорсылдайды,
Аққу — қиқулайды,
Тышқан — шиқылдайды,
Құрбақа — құрылдайды,
Бозторғай — шырылдайды,
Шегіртке — шырылдайды,
Тауыс — қырқылдайды,
Қырғауыл — құрқылдайды,
Қарлығаш — шықылықтайды,
Бура — бұрқылдайды,
Жолбарыс — күркірейді,
Күркетауық — күркілдейді,
Ара — ызыңдайды,
Сона — дызылдайды,
Инелік — тызылдайды,
Маса — ызыңдайды,
Көкек — көкектейді,
Көгершін, үкі — уілдейді,
Бұлбұл — сайрайды,
Әупілдек — әупілдейді,
Жылқы — кісінейді,
Сиыр — мөңірейді,
Түйе — боздайды.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі