Алматылық оқушылар нормадан 3-4 есе ауыр сөмке көтеріп жүр — Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.
Егер сіз Алматылық оқушылар нормадан 3-4 есе ауыр сөмке көтеріп жүр бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.
Алматылық оқушылар нормадан 2-3 есе ауыр сөмке арқалап жүр. Бұл туралы Алматы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова айтты.

Департамент басшысының айтуынша, қазір қаладағы 254 мектепте 266769 оқушы оқиды. Сонымен қатар, 28 арнайы интернатта 7593 оқушы білім алып жатыр.
Мемлекеттік мектептерде бала саны тым көп болғандықтан, орын жетіспеушілігі 30%-ға жетті.
«Бірінші сынып оқушыларының сөмкесі нормадан 2-3 есе ауыр. Ал 5-6 сынып оқушыларының сөмкесі қалыпты көрсеткіштен 3-4 есе ауыр. Жалпы 5-сынып оқушылары үшін сөмкенің салмағы 2,5 келіден аспауы тиіс. Ал қазір оқушылар 6-9 келі сөмке арқалауға мәжбүр. Бірінші сынып оқушыларының сөмкесі 1,5-2 келіден аспауы тиіс. Ал шын мәнінде балалар 4-4,5 келі сөмке көтеріп жүр», - деді баспасөз мәслихаты барысында департамент басшысы Айзат Молдақасымова. Оның айтуынша, мектеп сөмкесінің салмағы қалыптан тыс болса сколиоз, остеохондроз сияқты ауруларға әкеп соқтыруы мүмкін.
Бұл бетте Алматылық оқушылар нормадан 3-4 есе ауыр сөмке көтеріп жүр тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.
Материал Білім, ғылым, мәдениет бөлімінде жарияланған.
Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі