ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов орта білім беруде Қазақстанның 5 салыстырмалы зерттеулерге қатысатынын айтты.
Олардың негізгілері - PISA (Programme for International Student Assessment), TIMSS (Trends in International Mathematics and Science Study), PIRLS (Progress in International Reading Literacy Study) зерттеулері.
«PIRLS зерттеуінде біз мәтінді түсіну және оқу сауаттылығы бойынша 27-орындамыз. TIMSS-та математика және жаратылыстану пәндері бойынша академиялық білімде үздіктер ішіндеміз және 10 жетекші елдің қатарына кірдік», — деді білім және ғылым министрі.
Оқушыларды алған білімдерін қолдануға үйрету үшін 2016 жылдан бастап мектептерде сыни ойлау мен дағдыларды дамытуға бағытталған жаңартылған мазмұн енгізілуде.
Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Министрлікке 8 индикатор бекітілген. Рейтингке 140 ел қатысады.
«Олардың ішінде «кәсіптік-техникалық білім беру сапасы» бойынша 2017 жылмен салыстырғанда 11 позицияға (102-ден 92-орынға), «оқытудағы сыни ойлау» бойынша 1 позицияға (46-дан 45-ші орынға) жақсарды. «Күтілетін білім беру ұзақтығы» (53 орын) және «жарияланымдардың дәйексөзділігі» (110 орын) бойынша алдыңғы көрсеткіштер сақталды», — деді А.Аймағамбетов.
Мұнда «білім берудің орташа ұзақтығы» (1 позицияға 39-дан 40-орынға), «бастауыш сыныптардағы оқушылар мен мұғалімдердің арақатынасы» (23 позицияға, 50-ден 73-орынға), «түлектердің дағдылары» (7 позицияға, 86-дан 93-орынға) және «зерттеу институттарының сапасы» (1 позицияға, 83-тен 84-орынға) бойынша позициялардың төмендеуі байқалады.
Жоғары білім берудегі негізгі рейтингтер - QS World University Rankings және Times Higher Education.
Министрдің айтуынша, QS-де Қазақстанда оң динамика бар, 2011 жылы рейтингте 5 жоғары оқу орны, 2019 жылы - 10 университет атап өтілді. Рейтингте қазақстандық жоғары оқу орындары арасында көшбасшы орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ иеленді - 207 орын (топ-300). Үздік 500 қатарына 2 университет кірді: Л. Гумилев атындағы ЕҰУ (418), М. Әуезов атындағы ОҚМУ (491).
Соынмен қатар, 2018 жылы алғаш рет Times Higher Education рейтингтік басылымымен 2 қазақстандық ЖОО (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Гумилев атындағы ЕҰУ) танылды.
Жалпы алғанда, білім және ғылым министрі сендіргендей, білім мен ғылымның сапасын, қолжетімділігін жақсарту бойынша Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі ұстанымдарын арттыру жөніндегі жұмыс Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және басқа да жүйелі шаралар шеңберінде жалғасатын болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі