Өлең, жыр, ақындар

Баланың құлағына немесе мұрнына кірген нәрселерді қалай шығарамыз?

Баланың мұрнына бір нәрсе кіріп кетсе, қолыңызбен шығаруға тырыспаңыз. Себебі ішіне қарай енгізіп жіберуіңіз мүмкін. Түйе бұршақ (фасоль), ноқат сияқты су жұтып ісінетін заттар өте қауіпті болғандықтан жедел жәрдем көрсету керек. Тыныс алудың күрт нашарлауы, ұзақ уақытқа созылған түрлі түсті, иісті қою сұйықтықтың мұрын немесе құлақтан ағуы ішіне кірген заттың білгісі болып табылады.

Мұндай жағдайда балаға қандай көмек көрсету керек?

»  Баланың көзіне бір нәрсе кіріп кетсе, сумен көп шайыңыз. Суға толы шелектің ішіне басын сұғып, көздерін ашып-жұмса да болады. Кірген зат көздің ағының үстінде тұрса, түксіз таза шүберектің дымқыл жағымен шығаруға болады!

»  Фасоль, ноқат сияқты суды өзіне жұтып, ісінетін заттың бар екеніне сенімді болсаңыз, баланы бір сүлгіге орап, зақымданған құлақ жоғары тұратындай келесі қырымен жатқызу керек. Зақымданған құлаққа бірнеше тамшы жылы су тамызып, тамызған бетімен жатқызу керек. Осындай процесті 2-3 рет қайталау керек. Сонда су кері аққанда ішіндегі затты да өзімен бірге ала шығуы мүмкін. Егер де зат шықпайтын болса, дәрегерге жүгініңіз!

»  Баланың мұрнына бір нәрсе кіріп кетсе, өзі сіңбіре алатын баланы кезекпе-кезек мұрынының бір тесігін жауып тұрып сіңбіртіңіз. Ішіндегі зат шықпаса, өзіңіз шығаруға тырыспаңыз, дәрігерге жүгініңіз!

»  Құлаққа жанды жәндік кіріп кеткенде жәндікті өлтіру үшін сыртқы құлақ жолына алкоголь, глицирин немесе зейтүн майын тамызып, дереу дәрігерге көрсету керек.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (4)

Ғибадат

Өтініш құлаққа қағаз кіріп кетсе не істеу керек екенің айтыңызшы

Алмат

Ең дұрыс дәрегерге жүгініңіз!

Сабина

Баланын мурнына зат кирсе калай алады? Дарыгерге жаздык, лорга бар деды, ал быз бара алмаймыз

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз