Кез келген мемлекеттің болашағы білімді жастар. Бүгiнгі жас – болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға.
Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені даусыз. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты.
Ақын, педагог М.Жұмабаев айтпақшы мына қоғам «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты» жалындаған жастарға иек артады, соларға сенеді. Еліміздің өсіп өркендеуі үшін, жас мамандардың ойының ұшқырлығы, тың идеялары өте маңызды. Қандай мамандық иесі болса да, өз істеріне жауапкершілікпен қараған адамның, жетер жетістігі де өте көп болмақ. 2019 жыл «Жастар» жылы болып бекітілді. Яғни бұл дегеніміз, жастарға деген сенімділік пен оларға қолдау көрсетуді белгісі. Болашағының жарқын болып, ойлаған арманын іске асырып, алдына тың жоспар қоя білген әр жас маман буынға осы жыл таптырмас мүмкіндіктердің бірі болады.
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қайсар рух пен қара күшті қару етіп, еркіндік үшін күрескен бабаларымыздың ерлік жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті.
Біз – жастар тәуелсіздік жастармыз! Жас, жасампаз елдің ұланымыз. Бүгінде жастар шыңдалып дамуға, өз ісін ашып, өзін-өзі дамытуымен, спорт, ғылым, шығармашылықпен және басқа да қызмет түрлерімен айналысуға толық мүмкіндіктері бар. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда.
Бүгінгі жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын білуге тәрбиелеуге бүгінгі педагогика ғылымдарының алдында тұрған зор міндеттердің бірі. Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі.
Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық-саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз. Әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып, өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Еліміздің бейбіт аспанында қазақ жастары тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс жасаймыз. Ел сенімін, үмітін ақтау – жастардың қолында.
Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,-деп , жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық.
Қорыта келе, қазіргі кезде «Жастар-еліміздің жарқын болашағы» деген қанатты сөздерді жиі айтамыз, ал сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры болса, соған дәнекер өзіміздің бүгінгі қызметіміздің қалай атқарылып жатқаны, қоғамға қандай үлес қосып жүргенімізге тікелей байланысты. Міне, «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбындағы ойтүйінді жалпы ел жастарына бағыттаймын! Жас күш, жас толқын болып толқып, ана тілінде сайрап, өзге тілді меңгеру арқылы болашақ елдің кемел келешегін биіктерден көруге үлес қосайық, саналы ұрпақ...!
Жақсы
Өте жоғары деңгейде істеген