Əкем бай болсын демеңіз, бар болсын деңіз...

Басты бет / Сайыс2019 / Əкем бай болсын демеңіз, бар болсын деңіз...

Əкем бай болсын демеңіз, бар болсын деңіз... — Сайыс2019 бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз Əкем бай болсын демеңіз, бар болсын деңіз... бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.


Есімде... Қараша айының 8-ші жұлдызы, жо-жоқ жұлдызды күн емес мен үшін...қарашаның қара суық желіндей ызғарлы. 
Таң. Күзгі қара суықтан мені анамның құшағы ғана құтқаратын. Тəп-тəтті ұйқыда жатырмын. Анамның жып-жылы құшағында. Сол бір жылулық пен тəтті ұйқыны суыт хабар бұзғандай.

Əкемнің о дүниелік болғаны туралы... Небəрі 5 жаста болсам да бəрін түсініп жатырмын. Бəрін түс секілді қабылдадым ба, бала көңіл еш нəрсені алаңдар емес. Сабырлы қалпымды бұзбастан  мүмкін өтірік шығар, түс көріп жатқан болармын деген үмітпен тысқа шықтым. Үстімде анам кигізген қызыл көйлек (əлі есімде). Расымен де, жаңа ғана мүлгіген тыныштық бұзылған.
Үйге аяңдап қайта кірдім, кірдім де анамды іздей бастадым. Кішкене ғана пештің жанында анам отыр екен. Жанарындағы жасты байқамау мүмкін емес еді.

- Мама жыламашы...

- Жыламаймын қызым...

Бітті... Əрі қарай арамызда диалог болды ма, болмады ма білмеймін... Есімде қалғаны мені көрші үйге апарып тастағаны ғана... Баламын ғой, ол оқиғаға мүлде сенбедім бе, сенуге қорықтым ба, əйтеуір көзіме жас алмаппын... Əлде ащы ақиқатқа сенгім келмеді ме екен? Білмеймін... Тым ауыр жағдай. 

Қазір 20 жастамын, əкемнің тағдыр талайынан ерте өткеніне міне 15 жыл өтіпті...

Əкем менің-бəйтерегім! 15 жыл бұрын сол бәйтерек құлаған болса, оның тамыры өлген жоқ. Бетегелі бəйтерек өніп, оның бұтақтары қайта қанат жайып көгерді. Мен өзімді елсіз жерде өсіп тұрған қызғалдаққа теңемеймін, мен алып бəйтерекке ұя салған қарлығашпын.
Əйтсе де, біз өз бəйтерегімізді аңсаймыз...сағынамыз. Əкеге деген сағыныш жүзімізден білінбесе де жүрегіміз қанжылап, "Əкем болғанда..." деген ой санада жаңғырып тұрады.

Əкесіз өткен əр минут, сағат ғасырға татитындай ауыр, өте ауыр... Мұң. Қайғы. Сағыныш. Əр сəтім сағынышпен ауырлап тұрады. Шіркін, көп нəрсе жазғым келеді-ау, көп нəрсе... Том-том кітап жазсам да сыйдыра алмасымды білемін. Бəрі ойымда!  Əкемнің сұңғақ бойлы, кең жауырынды бейнесі ғана көз алдымда қалып қойыпты...

Менің бір ғана білерім, менің əкем ең жақсы адам...болған!



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Əкем бай болсын демеңіз, бар болсын деңіз... туралы не білуге болады?

Бұл бетте Əкем бай болсын демеңіз, бар болсын деңіз... тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Сайыс2019 бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Сайыс2019 бөліміндегі басқа материалдар bilim2019 тақырыбындағы материалдар nesibeli_nb жариялаған басқа материалдар