Өлең, жыр, ақындар

Android Studio бағдарламасында туристік өлкетану қызметі

Қазіргі таңда Цифрлы Қазақстан жобасының зерттеу жұмыстарында электронды құжаттандыру, интелек-туалды жүйе, қоғамдық көліктегі зияткерлік жүйе, «Лазерлік жаяу жүргінші» жобасы, «Ikomek» қызметі, қан тапсыру технологиясы, «Smart Astana» мобильді қосымшасы туралы күнделікті жаңалықтардан хабардармыз. Мысалға, «Ikomek» қызметі тәулік бойы қаланың қауіпсіздігін бақылайды, коммуналдық кәсіпорындардың барлық Call-орталықтарын біріктіреді және тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын өңдеуге мүмкіндік береді. Осы бағдарламада 6 мыңнан астам камера төтенше жағдайлар мен оқыс оқиғалар кезінде шұғыл әрекет етіп, оларды қалпына келтіруге, сондай-ақ қаланың тыныс-тіршілігіне мониторинг жүргізуге береді. Тағы да бір «Smart Astana» тегін мобильді қосымшасы онлайн режимде бір мезетте бірнеше операцияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, мобильді қосымшада ұсынылған 10 айдарда қызметтің 70-тен астам түрі қолжетімді. Өткен жылдың желтоқсан айында «Smart Qaratobe» мобильді қосымшасы пилоттық режимде іске қосылған болатын. Аталмыш қосымшаның таныстырылымын «IT Group Қазақстан» ЖШС-ның басшылары таныстырған болатын. Аталмыш бағдарламаны Android жүйесінде қызмет жасайтын барлық ұялы телефондарға көшіріп, жүктеуге болады. Сондай-ақ, телефонның көмегімен балабақша кезегін бақылап, коммуналды қызметтерді төлеп, білім беру, денсаулық сақтау, көлік, туризм, жер қатынастары және басқа да салалардағы аудандық қызметтер туралы маңызды ақпаратты алуға және онлайн-сервисті тегін алуға кеңінен мүмкіндік жасалған.

Жоғарыда айтылған мобильді қосымшаларды зерттей келе жетекшіміз екеумізге «неге біз де мобильді қосымшаны жасап көрмеске?» - деген ой туындады.  Ең алдымен, Ақмола облысына қатысты мобильді қосымша болу керек деп шештік. Облысымыздағы түрлі салаларды, яғни, экономика, ауыл шаруашылығы, бизнес, экология салаларын зерттеп көрдік. Жан-жақты зерттей келе, облысымызға қатысты туристік мобильді қосымша жоқ екенің анықтадық. Осы мәселеден бізде дипломдық жобамыздың өзектілігі пайда болды.

Елбасымыздың «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану» бағытын негізге ала отырып және Ақмола облысымыздағы туризмнің сапасын көтеруде «Android Studio» бағдарлама-сында туристтік өлкетану қызметі атты мобильді қосымшаны әзірлеу.

Ақмола облысынндағы  туристтік аумақтарды зерттеу; Мобильді қосымшаны жасауда «Android Studio» бағдарламасын толық зерттеу.

Бүгінде мобильді қосымша ұғымы бәріне таныс. Әуелде уақытыңызды үнемдеуге үлес қосып, жүйкеңізді орынсыз жұқартуға жол бермейді деп жоспарланған мобильді қосымшалар адам тұрмысын сөзсіз жеңілдетеді. Яғни, бүгінде мобильді қосымшалардың қоғамда алатын орны ерекше, әрі кеңінен қолданысқа ие. Мобильді қосымшалар тек арнайы маман иесіне не болмаса белгілі бір салада, жеке қалыптасқан тұлғаға ғана арналмаған. Қоғамда болып жатқан құбылыстарды қамти отырып, ойластырылып жатқан мобильді қосымшалардың бүгінде біз бен сіз үшін пайдасы молынан.

«Android Studio бағдарламасында туристік өлкетану қызметі» атты мобильдік қосымшада облысымыздағы демалыс орындарының орналасу мекен-жайы, көрікті жерлері, мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтарын тамашалай аласыз. Барлық ақпараттар латын тілінде беріледі.

Жаңа проектіні бастау үшін Android Studio бағдарламалау ортасында File - New - New Project - тіні таңдаймыз. Суретте көрсетілгендей.


Жоғарыда көрсетілгендей, жаңа проектіні  құруды басқаннан кейін бізге проектінің түрін таңдауға ұсынады. Жалпы Android Studio-да тек қана смартфондарға емес. Android операциялық жүйесі орнатылған басқа да құрылғыларға қосымша құрастыруға болады. Android Studio бағдарламалау ортасында Phone and Tablet (Смартфондар мен планшеттерге), Wears OS (Ақылды сағаттар үшін), TV (Ақылды телевизорлар үшін), Android Auto (Ақылды көліктер үшін), Android Things (Ақылды заттар үшін). Бізге смартфондар мен планшеттерге керек, оның ішінде Empty Activity-ді таңдаймыз. Одан басқа Add No Activity жаңа активити қосымша үшін, Basic Activity - Базовый активити, Empty Activity - бос активити, Bottom Navigation Activity - Төменгі навигация активити, Fullscreen Activity - толық экран активити, Master Detail Flow - бөлшектер ағымы, Navigation Drawer Activity - сызылған навигация активити, Google Maps Activity - Google карта активити. Бізге керегі Empty Activity - бос активити. 

       Жобамыздың теңшесін енгіземіз. Name - жобамыздың аты, Package name - пакеттің аталуы, Save location - жобаны сақтау орны, Language - бағдарламалау тілін таңдаймыз. Біздің жоба үшін төмендегі атауларды енгіземіз, Minimum API Level - API үшін минимумды көрсетеміз, ол дегеніміз Android операциялық жүйенің версиясы. Қазіргі кезде API 15: Android 4.0.3 (IceCreamSandwich) 100% Android ОЖ смартфондары мен планшеттінде жұмыс істейді. Name - Olketanu, Package name - com.example.olketanu, Save location - C:\Users\baibe\AndroidStudioProjects\Olketanu, Language - Java, Minimum API Level - API 15.

Finish батырмасын басқаннан кейін қосымшаны құрастыру үшін, басында көрсетілген конфигурация бойынша файлдарды жүктейді. Суретте көрсетілгендей app, gradle папкалары болады. Оның ішінде файлдар жатады.

Жобамызға жаңа Java класын қосу үшін сілтемені app папкасына апарып, оң жақ батырманы басамыз экранға шыққан менюдің ішінде New - Java Class-ты таңдаймыз.

Ашылған бетте жаңа кластың атаулары мен баптауларын орнатамыз. Name кластың атауы - SimpleWebViewClient.      

Layout папкасының ішінде activity_main.xml файлын ашамыз. Widgetsтің ішінжегі - WebViewді экранға жүктейміз. Сосын келесі кодты жазамыз:

 

webView = (WebView) findViewById(R.id.webview);
webView.clearCache(true);
WebSettings webSettings = webView.getSettings();
webSettings.setJavaScriptEnabled(true);

SimpleWebViewClient webViewClient = new SimpleWebViewClient(this);
webView.setWebViewClient(webViewClient);

webView.loadUrl("url_address");

SingleWebViewClient.java файлының коды:

 

public class SimpleWebViewClient extends WebViewClient {

    private Activity activity;

    public SimpleWebViewClient(Activity activity) {
        this.activity =activity;
    }

    @Override
    public boolean shouldOverrideUrlLoading(WebView view, String url) {
        if (url.contains("url_address")) {
            returnfalse;
        }
        Intent intent = new Intent(Intent.ACTION_VIEW, Uri.parse(url));
        activity.startActivity(intent);
        returnfalse;
    }
}

         Жобаны жазып болғаннан кейін, біз оны құрастырамыз. Құрастыру үшін суретте көрсетілгендей батырмаларды басамыз.

Жобанының apk файлын құрастыру жүйесі.

apk файлы

Android Studio бағдарламасында дайын болған өнімді таныстырып кетейін. Мобильдік қосымша 3 бөліктен тұрады. Біріншісі, «Ақмола облысымыздағы республикалық маңызы бар ескерткіштер жобалары» атты бөлім кіреді. Бұл бөлім 10 бөлімшелерден тұрады. Осы бөлімшелерде облысымыздағы көрнекі жерлер, қасиеттер орындар берілген. Оларға кіретіндер: Абылай хан алаңы, хан ордасы Көкшетау, Уәлихан мазары, Ханның Қызыл ағашы, «Жәңібек-Шалқар» кесенесі, «Алыптомар» мазары, Беспақыр базары, «Кенесары» үңгірі, «Ботағай» кесенесі, «Ақ Еділ Қожа» мазары.

Екінші бөлімге аймақтық маңызы бар ескерткіштердің жобалары кіреді.  Бұл бөлімі 5 бөлімшеден тұрады. Оларға кіретіндер: «Баубек батыр» кесенесі, «Ержүрек Киәкбай батыр», «Қарауыл Қосағалы батыр», «Саққұлақ би» кесенелері,  «Паң Нұрмағағамбет» мазары. Әр бөлімшелерде толық ақпарат беріледі.

Дайын болған .apk файлды телефонға жүктеу үшін қосымшаның гибридті нұсқасын сақтау қажет. Бұл нұсқаны Android операциялық жүйелеріне жүктеу керек. Қосымшаны WhatsApp желісі арқылы жіберу қажет. Жіберілген қосымшаны ашу үшін телефондағы «Настройкаға» кіріп, «Память устройства» салымынанан  WhatsApp⇒ Media⇒WhatsApp Documents-ке кіріп, app-debug.apk файлын қосу үшін рұқсат берілуі тиіс. Сонда сіздің операциялық жүйеңізге мобильді қосымша орнатылады. Оқы қадамдардан кейін қосымша сіздің телефоныңызда орнатылады. Іске сәт!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар