Қарттарым — асыл қазынам

Басты бет / Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар / Қарттарым — асыл қазынам

Қарттарым — асыл қазынам — Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміндегі материал.

Материал — қарттар, қарттар күні, Қарттар мерекесі — осы тақырыптарға байланысты.

«Нұр Отан» париясы Жетісу аудандық филиалының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында және Жетісу аудандық Білім бөлімінің тапсырмасы бойынша 2019 жылдың 11 қазақы күні  №110 мектеп-гимназияда ҚАРТТАР айлығы аясында «Қарттарым — асыл қазынам» тақырыбындағы мектепшілік бекітілген жоспарға сәйкес «Алақан, алақан Сізді жасы көреміз апажан!» атты қария ата-әжелеріміздің және «Нұр Отан» партиясы Жетісу аудандық филиалының Саяси кеңес мүшесі — Тулепбеков Ералы Есіркепұлының қатысуымен концерттік бағдарлама өтті. Кешке қатысқан қонақтарымыз балаларға ризашылықтарын білдіріп, ақ тіліктерін жаудырып, көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.  

D:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\Новое изображение.JPG

Сонымен қоса №110 мектеп-гимназияда ҚАРТТАР айлығы аясында оқушылар тарапынан сынып жетекшілерімен бірге Қарттарымызға үйіне барып көмек қолдарын созды. Ата-әжелеріміздің мейірімді көздерін, жылы сөздерін тыңдап өсетін өскелең ұрпақ мейірлене түсері анық.   
 
Даналықтың алтын кілті — ата-бабаларымыз. Ата жолын жалғап келе жатқан бүгінгі күнгі ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз.
Қария деген асыл сөз елдің алды болуы, елдің алдында құрметке бөлену, дана болу, немерелердің қамқоршысы секілді асыл жандар. Шаңырақтың бірлігін сақтап, елдің, жердің айтар кеңесшілері. Қазақтың әр шаңырағында арқа тұтар асыл жандар, ата-әжелеріміз бар. Ол кісілердің әр айтқан ақылдары мен жас ұрпаққа, жас ұрпақтың өсіп-өркендеуіне өте мол үлесін тигізіп жатыр.

Әрине ата-әжесі бар шаңырақтың балалары ерекше,ерек болып келеді. Әжесінің асыл сөздерін, тап-таза ниетпен айтылған өсиеттерді сусындап өскен үйдің балалары өсе-келе тәрбиесінде ерекше біліне бастайды.

D:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\h.JPG

«Қарты бар үй, қазыналы үй» деп бекер айтылмаса керек. Әр кез ата-бабамызды, ата-әжелерімізді құрметтеп, қадір тұта білейік. Ол кісілердің мына біз жас ұрпаққа керемет асыл мұрат қалдырып келе жатқан асыл жандар!
                
Асыл әжем, асылым, ақ жаулықтым,
Ақылшым, данашым мөлдіреген
Сағындым әже «Құлыным» – деген сөзіңді
Мәңгі жасылған жүрегімде.

№ 110 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Умирзакова Назерке Нурканатовна



WhatsApp Telegram

Пікірлер (2)

Назира

Керемет , осындай мерекелі іс-шаралар өте берсін ! Білім ал сайтына алғыс білдіреміз

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарттарым — асыл қазынам деген не?

Бұл бетте Қарттарым — асыл қазынам тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Қарттарым — асыл қазынам материалы Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміндегі басқа материалдар қарттар тақырыбындағы материалдар қарттар күні тақырыбындағы материалдар Қарттар мерекесі тақырыбындағы материалдар