Салтыңды сақта – дініңді сақта

Басты бет / Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар / Салтыңды сақта – дініңді сақта

Салтыңды сақта – дініңді сақта — Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміндегі материал.

Материал — Дін — осы тақырыптарға байланысты.

Тәуелсіздіктің арқасында жаңарған заман, өзгерген өлке, түлеген ел Ислам дінінің кеңінен қанат жаюуына жаңаша сипат беріп, оның қыры мен сырын бұрынғыдан да жарқыратып аша түсті. Жаһандану процесі арқылы шығыс пен батыс мәдениеті біте қайнасып бара жатқан тұста, кеше мен бүгінді, ертең мен болашақты жарқын етіп, әр елді даралап тұрар: Ахаңша айтар болсақ -  «тілі, діні һәм салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпы» болмақ. Әсілі адам өмірі, атар таң мен батар күндік белдікке бағынған уақыт текшесі кеше, бүгін, ертең деп ерекшеленіп тұтас тарихты құрайды. Яки, әр адам өз тарихын өзі таңбалауда...

Жақында, Жамбыл өлкесіндегі «Бәйдібек баба» мешітінің бас имамы Серік Жолдасбекұлы мен «Жамбыл орта мектебі» КММ-нің директоры Жанна Нұрбекқызы қолдауымен «Салтыңды сақта – дініңді сақта» тақырыбында мектеп оқушылары арасында сүбелі кездесу болып өтті. Аталмыш жиынға ҚМДБ нің Жамбыл ауданы орталық «Шынасыл» мешітінің бас имамы Қалжан Әрібжанұлы мен бас имам көмекшісі Азат Тохтақұлұлы арнайы қатысты. Жиынның негізгі мақсаты: Зайырлы елдің ертеңгі болашағы өскелең ұрпақтың санасына тілін ділін салт дәстүрі мен әдет ғұрыпын қадірлеуге тәрбиелеу.

Кешті білікті оқу орнының тарих пәнінің мұғалімі Сәуле Сағындыққызы жүргізіп, «Ислам» дінің шығу тарихына кеңінен тоқталып өтті. Тәлімгер мен тәлім алушылардың арасындағы әдептілік ізгілік хақында ой толғанып, елді елең еткізген өзге дін өкілдерінің шырмауына шырмалып қалмау үшін діни сауаттылық қажеттілігі жайында баса айтылды. Кеш соңында оқушылар өз көкейінде жүрген сауалдарын қойып тұшымды жауап алды.

 

Молдағалиев Ерхан Болатұлы

Алматы, облысы, Жамбыл ауданы

«Шынасыл» мешітінің ақпарат басшысы



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Салтыңды сақта – дініңді сақта деген не?

Бұл бетте Салтыңды сақта – дініңді сақта тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Салтыңды сақта – дініңді сақта материалы Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміндегі басқа материалдар Дін тақырыбындағы материалдар Erhanmoldagaliev жариялаған басқа материалдар