Өлең, жыр, ақындар

Күшік пен мысық

Ауылдағы көршілес екі үйдің бірінің ала мысығы болды.

Бір күні қара күшік көршінің бағына кіріп, сонда жүрген ала мысықты тура қуды.

Мысық қашып барып, алма ағашына шығып кетті.

Күшік ағаш түбіне келіп: «Әу-әу-әу, әу-әу-әу!» — деп, мысыққа қарап шабаланып тұрып алды.

Мысық та оған құйрығын қыбырлатып, белін күжірейтіп, пырылдап айбат шекті.

Сол сәтте жұдырықтай бір қызыл алма сабағынан үзіліп, күшіктің басына келіп топ ете түсті. Күшік қаңқ ете қалды да, «Мысық ұрды екен» деп қаша жөнелді.

Ол енді өз ауласына барып, тағы да мысық жаққа қарап шәуілдеп тұрған. Сол кезде мысық ағаштан жерге қарғып түсіп еді, ол «тағы ұрады екен» деп ойлап, жүгіріп барып үйшігіне кіріп кетті.

Содан бастап қара күшік ала мысықты қумайтын болды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Назарбай

Күшік пен мысық туралы қысқа, қызық ертегі екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз