Өлең, жыр, ақындар

Ақмешіт үңгірі

Ақмешіт әулие үңгірі – Орталық Азиядағы ең үлкен үңгірлердің бірі. Түркістан облысы (Шымкент қаласынан 80 шақырымдағы) Бәйдібек ауданында орналасқан. Қаратаудың етегіндегі, әктасты жыныстар қабатында пайда болған ойық жарқабақ үңгір. Ұзындығы 254, ені 65, биіктігі 25 м. Жарқабақ саңылауларынан мезгіл-мезгіл су тамып тұрады. Ішінен қарағанда ернеуі киіз үйдің шаңырағы секілді көрінеді. Ел арасында бір кездері онда бір әулие әулетімен киіз үй тігіп, сатымен шығып-түсіп жүрген деген аңыз айтылады.

Тағы бір аңызда былай деседі:

Жаугершілік заманда Есіркеп Қойкелді батыр қалмаққа қарсы қол жинап, соғысқа аттанған екен. Жолда сарбаздар нөсерлеп құйған жауыннан таң намазын оқи алмай қиналады. Сонда осы үңгірге кез болып, бәрі осы жерді паналап таң намазын оңай оқып алады. Сарбаздардың бірі: «Мына үңгірді “Есіркеп” немесе “Қойкелді” деп атайық» деп ұсыныс білдіреді. Бұған қол бастаған батыр бабамыз: «Жоқ, бұл жер киелі, берекелі мекен, он мың әскерден тұратын бізді де қойнауына сидырып, бәрімізге бірге намаз оқуға мүмкіндік берді. Іші де аппақ түсті ерекше мекен екен. Бұл жерді “Ақмешіт” деп атайық» деген екен.

Ақсақалдардың айтуынша үңгір бұрындары бұдан да үлкен болған. 1966 жылғы Ташкентте болған жер сілкінісінің әсерінен үңгірдің бір бөлігі опырылып, шөгіп кеткен деседі. Үңгір ішіндегі температура қысы-жазы бірқалыпты 15-20 градус жылылықты көрсетеді екен.

Оқуға кеңес береміз:

Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері

Қазақстанның көз жауын алар мекендері


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Гүлім

Ақмешіт үңгіріне бардым аңсап, армандап,сағынып такси жалдап (Талдықорғаннан) әрине алыс емес өз жеріміз ғой лестницамен (темір) төмен түстік аты дардай болғанмен кәдімгі үңгірлердін бірі сияқты көрінді қатты әсер алдым деп айта алмаймын .Бірақ ата(шырақшы) -ау деймін осы кісі қатты әсер қалдырды. Ата қасиетім бар массаж жасаймын деп бір апаның қолын жаман бұрады. Менің ойымша бұл қазіргі біздегі дамыған жабайы туризм ау деймін. Дегенмен бәріне рахмет көш жүре түзеледі деп айтқан ғой қазақ атамыз.

Дархан

Ақмешіт үңгіріне бардым, кішкене реттеп қою керек, отырып демалатын жерлер болса ішінде де сыртында да, шәй, кофе, қымыз, бауырсақ ішіп, жеп, дем басып отыратын.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз