Эссе және өлең-жыр байқауы

Адамдар не дейді?

Ел-жұртты өсектеу, адамдардың мінін қазбалау – көбінесе мәдени тұрғыда әлсіз, басқа тақырыптарда айтатын білімі, ақпарат қоры жоқ адамдардың ісі болып табылады. Көңіл-күйі жақсы, өзін бақытты сезінетін, уақытын өнімді өткізетін адамдардың өсекке қажеттілігі де, уақыты да болмайды. Көбінесе құрметті, танымал адамдар өсекке көп ілігіп жатады. Ал қадірі жоқ адамды өсектесе де, оны ешкім тыңдамайды. Егер өсектелген болсаңыз демек сіз қадірлі адамсыз.

Адамдардың бәріне бірдей жағу мүмкін емес. Міндетті түрде мін тағатын, сын айтатын, жамандайтын адамдар табылуы әбден мүмкін. Сондықтан адамдардың сөзіне қатты көңіл бөліп, алаңдамаған жөн. Бұған Қожанасырдың мына бір әңгімесі жақсы мысал бола алады:

Қожанасыр бір күні баласын ертіп ауылдан қалаға жолға шығады. Баласы: «Әке, сіз отырыңыз»,- деп өтінсе де Қожанасыр: «Жоқ, балам, сен отыр»,- деп баласын есекке мінгізіп, өзі есектің ноқтасынан жетектеп келе жатады. Жолда екі кісі бұларға қарап: «Мынаны қара, қартайған әкесін жаяу жүргізіп, есекке жап-жас болып өзі отырып алыпты, әй, көргенсіз»,- деп бастарын шайқайды. Баласы: «Әке, әне, көрдіңіз бе, айттым ғой сізге, сіз отырыңыз»,- деп есектен түседі. Бұдан кейін Қожанасыр есекке өзі мініп, ноқтаны баласына береді. Біраз жүргеннен соң бұларды көрген кісілер: «Ұят-ай, дап-дардай боп есекке мініп, ал баласын жаяу жүргізген адамды қараңдар»,- деседі. Қожанасыр бұл жолы баласын да есекке мінгестіреді. Тағы жүрген соң: «Байғұс есекке обал болды-ау, екеуі бірдей отырып алыпты»,- деседі адамдар. Бұған ашуланған Қожанасыр өзі де, баласы да есектен түсіп, жаяулатып келе жатады. Бұларды көрген тағы бір топ адам: «Мына ақымақтарды қара, есекті бос қойып, өздері жаяу жүргендері несі?»- деп мысқылдап күледі. Бұдан кейін Қожанасыр баласына қарап: «Көрдің бе балам, не істесең де адамдардың аузына қақпақ таба алмайсың. Адамдар не десе, о десін біз дұрыс деп білгеніміз бойынша әрекет етейік»,- деген екен. 

Оқуға кеңес береміз:

Өзгелердің пікіріне тәуелді болудан қалай құтылуға болады?

Басқалардың ойына өте тәуелді екеніңіздің 10 белгісі

Жетістікке жете алмаудың кілті

Өкінішке орай біз жұмысымызда, жүріс-тұрысымызда, тіпті наным-сенімде де адамдар не дейтініне көп мән беретін кездер болады. Тіпті кейде бұған қатты көңіл бөлетініміз соншалық басқалар үшін өмір сүретін сияқтанамыз. Іс бастамақ болып оқталып, адамдардың сөзіне бола райынан қайтқандар, өзіне деген сенімділігін жоғалтқандар қаншама...   

Өмірінде ең көп қайғы мен қасірет шеккен Билл Косби (Bill Cosby) былай деген екен: «Жетістіктің кілті не екенін білмедім. Бірақ, білетінім жетістікке жете алмаудың кілті адамдардың бәріне жағуға тырысу» деген екен.

Еуропалық ақын Элиот (T.S. Eliot): «Адамдардың сөзіне алаңдама. Өйткені олар сенің ісіңді жақсы не жаман екендігіне қарап емес, оларға келіп-кетер пайдасы бар не жоғына қарап бағалайды» деген екен.

Оқуға кеңес береміз:

Ұйқыдағы адам эффекті

Милгрэм тәжірибесі: авторитетке бағыну

Теңіз

Ал мына мысалда бұл мәселенің шешімі жақсы түсіндірілген екен. Осы тәмсілдегі теңіздей болуға тырыссақ, қажетсіз үрей мен күйзелістің азаяры сөзсіз:

Бір бала жағалауда ойнап жүріп аяқкиімінің бір жұбын жоғалтып алады. Ары іздеп, бері іздеп таппаған соң аяқкиімінің екінші жұбын қолына алып теңізге қарай лақтырып жібереді де құмның бетіне былай деп жазады: «Бұл теңіз ұры!»  

Біраздан соң мол табыспен оралған балықшы қайығымен дәл осы жағалауға келіп тоқтайды. Қуанышын ұстап тұра алмаған балықшы да жағалаудағы құмға: «Бұл теңіз жомарт!» деп жазып, қап-қап балықтарын арқалап үйіне кетеді. Қайығын жағаға сүйреп шығаруды ұмытқан балықшы, ертеңіне қайығының түндегі дауылдан жар тастарға соғылып қирап қалғанын көреді. Ызасын жасыра алмай бұл жолы құмға былай деп жазады: «Бұл теңіз залым!»   

Жағалаудан өтп бара жатқан бір кемпір баласының суға батып қайтыс болғаны есіне түсіп: «Бұл теңіз қанішер!» деп жазады.

Бір кісі суда малтып жүріп судан үлкен інжу тауып алады да: «Бұл теңіздің пейілі кең!» деп жазады.  

Ал теңіз болса баз-баяғы салмақты күйінде еді. Жағаға үлкендеу бір толқын жіберіп, жазулардың барлығын бір сәтте өшіре салды...

Оқуға кеңес береміз:

Тоталитаризм қалай жүзеге асады?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Дарига

Оте тамаша .керемет аитылган.

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...