Эссе және өлең-жыр байқауы

Аңшы шал

Бір аңшы арыз айтып болысқа келсе, ол:

— Қолым тимейді, кейін бір келерсің, — деп есігінен де қаратпапты.

Арада бірнеше күн өтеді. Бір күні болыс ауылының жылқысына қасқыр шауып, қан-жоса қып кетіпті.  Ауыл адамдары көп ит ертіп қасқырлардың ізіне түскенмен, қасқырлар маңайлатпай сытыла беріпті. Сол кезде қуғыншыларға әлгі аңшы шал келіп килігеді. Оның көкқасқа жүйрік тазысы бар екен. Көкқасқа жылқыға шапқан үш бөрінің үшеуін де бірдей жайратып тастайды.

Болыс үш қасқырды бірден алып, аты шыққан итті өз қолына түсірмекке аңшы шалдың үйіне келеді.

— Ассалаумағалейкүм!

Шал болысты көре тұрып, басын да көтермейді. Тек босаға да жатқан итіне:

— Әй, көкқасқа, түрегел, болысекеңнің сәлемін ал. Бұл маған емес, саған берілген сәлем, — депті.


Пікірлер (1)

Ерболат

Халық мақалдары барма?

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...