— «Айналмақ» деген өзін-өзі садақа етіп, құрбандыққа қиятын ырым екен. Өзін біреудің жолына құрбан еткісі келген кісі ауырып жатқан науқасты үш айналып шығуы керек. Қазақтың жақсы көрген адамын «айна-лайын» деп атайтыны осыдан шыққан.
— «Алапесті үйге кіргізбе, құйрығын жерге тигізбе» дейді. Алапес, қазақ ұғымында, ем қонбайтын дерт. Ниеті бұзық, пиғылы тар адамдарды да алапес деп жек көреді.
— «Көкпардың еті ауруға мың да бір ем болады» деп ырым-дап, ауыл-аймақтың барлық адамы оны бөлісіп татады.
— «Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды» дейді. Ырымы жасалмай ұзатылған қызды, оны алған күйеу жігітті ананың ақ сүті, атаның ары мен кәрі атады деп ырымдалады.
— «Сәбиге көз тимесін» деп бетіне күйе жағып, өңіріне әр түрлі жылтыр түйме, тана, тиын т.б. тағып қояды.
— Ағайынды кісілер араздасып қалса, басқа бір туысы ақ дастарханына шақырып, дәм сыйлап, татуластырады. Кейде араздасқандар бірін-бірі шақырып, дәм береді. Онысы — түгі жығылып жүрсін, таспен ұрғанды аспен ұр деп ұйғарғаны.
— Ағаштың жапырақтары жайлап түсетін болса, қыс суық, әрі ұзақ болады.
— Ағын суға кір шайқамайды, кірдің суын төкпейді. Өйткенде, «судың басы су, аяғы у» болады, судың киесі атады дейді.
— Ағын суды беталды бөгемейді. Бөгесе, жол болмайды деп жориды.
— Адам кіндік қаны тамған ата жұртынан басқа жаққа қоныс аударып барғанда сол жерге бірден үйрене алмай-ды. Жат жердің суы, ауасы жақпайды деп кіндік қаны тамған жерден топырақ ала кетеді де, барған жерінде суға шомылдырып ішіседі. Сонда жат жерге тез бауыр басып кетеді деп ұйғарады.
— Адам қайтыс болған күннің түнінде туыстары, ауылдастары жиналып, мәйітті күзетеді. Онысы — егер адам талып қалған болса, тіріледі деген үмітпен күткені. Өлген адам аруланып, ақыретке оралғанға дейін сайтан аралап немесе мәйітті перілер ұрлап кетпесін деп сақтанғаны.
— Адам қайтыс болған соң, мәйіт көмілмей тұрғанда, көп жылауға болмайды. Көп жыласа, көрі көз жасына толып кетеді деп жориды.
— Адам қатты ауырғанда, басына күн туып, бағы тайғанда, қауіп-қатерге жолыққанда, Алладан медет сұрап, ақсарыбас қой сояды. Пәледен құтқар деп тілейді.
— Адам құлағы шуылдағанда жанындағы кісі дәл тапса, оны біреудің мақтағаны, ал таба алмаса, жамандағаны болып шығады.
— Адам өлгенде жетісінде, қырқында жеті немесе қырық шырақ жағады. Шырақ арналып жағылған адамның қабірі жарық тұрады деп жориды.
— Адам өлім алдында жанталасып жатқанда жанында әйел адам тұруға болмайды.
— Адам түшкірсе, «жәрікімалла» дейді.
— Адамға немесе малға біреу сұқтанып қараса, көз тиеді деп түкіртеді.
— Адамдар ит дайрағын көргенде үш рет «тфу-тфу-тфу» деп түкіріп өтеді. Өйтпесе нас басады деп жориды.
Қой-ешкіге қатысты тыйымдар мен ырымдар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі