Өлең, жыр, ақындар

Табиғат туралы ырымдар

- Жұлдызды қолмен көрсетсе, қолға сүйел шығады деген ырым бар.

- Күннің күркірегенін алғаш естіген адам бір темірді алып, ауырған жеріне тигізсе, ауру жазылады немесе арқасын қабырғаға үйкесе, ауру-сырқау жоламайды.

- Найзағай ойнап, жауын жауғаннан кейін жаңбыр суына жалаң аяқ жүрсе, адам ауырмайды немесе бұрынғы ауруынан айығады.

- Жаңа ай туғанда түскен келіншек баланы көп туады.

- Екі жас үйленген түні жұлдыз көп болса, олардың ұрпақтары да көп болады.

- Күн алғаш күркірегенде тілеген тілек қабыл болады.

- Жазғытұры күн алғаш күркірегенде: «Мал желіні сау болсын, сүт мол болсын!» - деп, шөмішпен ақ алып шығып, жабыққа жағады, босағаға төгеді.

- Біреудің үйі өртенсе, арты жақсылық болады деп ырымдайды.

- Өреден жас құрт алып жесе, жаңбыр жауады.

- Ауыл жанындағы суда жүрген құсты атуға, үркітуге болмайды.

- Балапан шығарған құсты атпайды.

- Далада, жолда тұрған жалғыз ағашты кеспейді. Ол қыста белгі, жазда пана ретінде сақталған.

- Буаз, төл ерткен аңды атпайды.

- Жаңа өсіп келе жатқан көкті жұлмайды. «Көктей солғыр» деген қарғыс осындайдан шыққан.

- Күн күркіремей суға түспейді, дала жуасын жемейді.

- Отпен ойнамайды, отқа түкірмейді, отты аттамайды.

- Құдыққа түкірмейді,  маңайын ластамайды, жанына дәретке отырмайды.

- Күлді баспайды, үй жанына төкпейді.

- Жар басына, суға өте жақын жерге үй тікпейді.

- Күнге, айға қолын шошайтпайды.

- Құмырсқаның илеуін, құстың ұясын бұзбайды. Құмырсқаның илеуін басқан әйел бала көтермейді деген қағида бар.

- Жол үстінде көлік доғармайды, жол үстіне қонбайды, дәретке отырмайды.

- Ағашты, өсімдікті сәрсенбі күні отырғызады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (27)

Мартин

Табигат кубылыстарына арналган ырымдар жокко

ажимкулува динара

ия.келисемин.бул ырым тиымдар бизге керек

алмас

Жақсы

Жадыра Жақсылыққызы

жақсы бірақ аспан туралы ырым тиымдар көбірек болғанда

Інжу

????қызық екене

Гулфайруз

Мен Кумырсканын илеуин басп кеткем

Акнур

Өте кызык

Ернат

Кызык екен

Кайырбаева Акбота

сондай кызыкты коп рахмет

нұрсая

жаксы бирак су туралы аз

алуа

Қызықты рахмет

Алтынай

Қызық екен

Алима

Жаксы екен рахмет

Дания

Аспан туралы ырымдар аз..

Алина

Аспан туралы ырымдар айтынызшы отынемін көмектеріңіз

λ₦Ø₦¥MØU$

Бул жердеги пикирлер сайтын ози жазган пикирлер гой юир нешеуи гана шын пикирлер аспан алемине ырымдар аз деген

Еркебұлан

Күшті

Аза09

Керемет!!!күшті

Ақмарал

Сəлеметсізбе бұл тиымдар маған пайдалы екен осының арқасында 5 алдым

Жұмабаева Айгүл

Рахмет көп көп

Бақдəулет

Маған ұнады бірақ көбірек болғанда

Айгул

Көп рахмет

Диас

Рахмет

Диас

Көп Рахмет

Марал

Табиғат туралы ырымдар жақсы жазылған

Жібек

Өте қызық

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар