Әлемнің қай елдері «сәтсіз мемлекеттер» деп танылды

Басты бет / Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер / Әлемнің қай елдері «сәтсіз мемлекеттер» деп танылды

Әлемнің қай елдері «сәтсіз мемлекеттер» деп танылды — Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміндегі материал.

Материал — Сәтсіз мемлекет, мемлекеттер, Мемлекеттердің әлсіздік индексі, нәзік мемлекет — осы тақырыптарға байланысты.

Сәтсіз мемлекет (ағыл. Failed state) деп — мемлекеттік басқару және экономикасы өмірге қабілетсіз күйге келген мемлекеттерді атайды. Сонымен бірге «нәзік мемлекет» термині де қабылданды (ағылш. Fragile state), яғни сәтсіздікке душар болған мемлекет.

Мемлекеттердің әлсіздік индексі (Failed States Index) биліктің аумақтың тұтастығын, елдегі демографиялық, саяси және экономикалық жағдайын бақылау мүмкіндігін есепке алып шығарылады. «Fund for Peace» Америкалық зерттеу орталығының мәліметінше, 2019 жылы сәтсіз мемлекеттердің тізіміне 9 ел кіреді.

Ең нашар ахуал — 2009 жылдан бері аздаған үзілістермен азаматтық соғыс жүріп жатқан Йеменде. Үкімет әскерлері мен түрлі исламдық топтар арасындағы азаматтық соғыс он жылдан бері жалғасып келе жатқан Сомалидің де жағдайы жақсы емес. Сәтсіз мемлекеттер тізіміндегі басқа елдер — Оңтүстік Судан, Сирия, Конго Демократиялық Республикасы, Орталық Африка Республикасы (ОАР), Чад, Судан және Ауғанстан.

«Сәтсіздікке» ұшырау қаупі бар елдердің тізіміне Африка құрлығының көптеген мемлекеттері, сондай-ақ Гаити, Пәкістан, Ирак және Солтүстік Корея кіреді.

2019 жылы әлемдегі ең тұрақты мемлекет Финляндия болды. Одан әрі тұрақтылық рейтингінде Норвегия, Швейцария, Дания, Австралия, Исландия және Канада ең тұрақты мемлекеттер тізімінде тұр.

Керімсал Жұбатқанов тарих ғылымдарының кандидаты

Оқуға кеңес береміз:

Салық төленбейтін мемлекеттер

Әртүрлі мемлекеттерде әлем картасының көрінісі



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әлемнің қай елдері «сәтсіз мемлекеттер» деп танылды деген не?

Бұл бетте Әлемнің қай елдері «сәтсіз мемлекеттер» деп танылды тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Әлемнің қай елдері «сәтсіз мемлекеттер» деп танылды материалы Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміндегі басқа материалдар Сәтсіз мемлекет тақырыбындағы материалдар мемлекеттер тақырыбындағы материалдар Мемлекеттердің әлсіздік индексі тақырыбындағы материалдар нәзік мемлекет тақырыбындағы материалдар