Өлең, жыр, ақындар

Салық төленбейтін мемлекеттер

Егер сіз Қазақстанда тұрсаңыз және барлық жерде салық төлеп, барлық жерде жұртшылық ол туралы зарлап жүреді деп ойласаңыз, қателесесіз. Өзгеше жүйелер құрған мемлекеттер де бар, ол жүйелер салық төленуін талап етпейді. Бұл қай елдер екенін айтып шығайық. Ондағы халайық ЖТТС (жеке тұлғалардың табыс салығы) дегеннің не екенін де білмейді, біразында ҚҚС (қосымша құн салығы) да жоқ.

Кайман аралдары

Кайман аралдарынан бастайық. Бұл жерде табыс пен пайда салығы деген жоқ, бұл жерде міндетті сақтандыру жарналары, ҚҚС дегендер ешкімнің қаперіне кіріп шықпайды. Өмір емес, ертегі дерсің. Мемлекеттер әйтеуір ғайыптан тайып қызметін атқарып отыр, ондағы жүйе халқын тонауды көздемейді. Кайман араладары тұрғындарының төлейтін бірден бір нәрсесі — импорталған тауарлар үшін 25% болатын баж салығы ретінде төлейтін ақысы ғана.

Араб Әмірліктері

Араб Әмірліктері жайында сіз, әлбетте, білесіз. Бұл байлығы тасыған мемлекет турасында өте көп айтылған. Ол ел жылма жыл миллиондап, оның ішінде Қазақстаннан да, туристер тартып отыр. БАӘ халқы да салық туралы ештеңе білмейді, ал бұл ел болса халық санына шаққанда табысы әлемдегі ең жоғары елдердің бірі. Арабтардағы салықтың жалғыз түрі — алкоголь өнімдеріне салынатын 50 пайыздық салық және  2018 ден бастап 5 пайыздық ҚҚС (қосымша құн салығы) да енгізілді.

Қатар

Қатар — әлемдегі ең бай ел деп еш тайсалмай айтуға болады. Бұл ел өзінің инфрақұрылымын жасап шығуда қыруар жұмыс атқарды. Жарналар мен салықтардың төленетін бірді-екілі түрі — әлеуметтік сақтандыру мен импорттық тауарлардан алынатын 5 проценттік салық.  Елдің мол табиғи ресурстары аздай, ешкім халықтан жер байлығы үшін ақша алмайды. 2019 дан бастап 5 пайыздық ҚҚС (қосымша құн салығы) енгізілуі мүмкін.

Оман сұлтандығы

Таяу Шығыстағы бұл мемлекет БАӘ сияқты жұрт көңілінен шығып отыр. Әңгіме Оман сұлтандығы жайында. Бұл ел негізінен өзінің мұнайы арқасында тіршілігін жасап отыр. Онда табыс салығы,  пайда салығы деген болмайды, төленетін жалғыз салық — әлеуметтік сақтандыру ғана, оның мөлшері алатын жалақының 6,5% құрайды. Салық салынатын бірден бір нәрсе — жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату.

Кувейт

Кувейт — бұл мұнайды экспорттаудан әлемде алтыншы орында тұрған мемлекет, нақ осы мұнайдан түсетін табыстар елдің бюджетінің 95% кұрайды. Жалпы алғанда, Кувейт дүние жүзіндегі ең бай мемлекеттердің бірі болып отыр, бұны халық басына шаққандағы табыстың жоғары деңгейінен көреміз. Кувейт тұрғындарының төлейтіні — әлеуметтік сақтандыруға төлейтін жарналар ғана.

Бахрейн

Азаматтарынан салық жинамайтын мемлекеттер тізіміне кіретін елдерді бағып отырған нәрсе — мұнай сату. Мысалы, Бахрейнде Әбу-Сафа деген мұнай шығатын жер бар. Сол жерден шығатын мұнай ғана халықты нәпақасын айырып отыр.  Бахрейн тұрғындары да тек әлеуметтік жарналарды төлейді, ал шетелдіктер Парсы шығанағындағы жылжымайтын мүлікті жалға алғаны үшін салық төлеуге міндетті. 2018 ден бастап 5 пайыздық ҚҚС (қосымша құн салығы) енгізілді.  

Бермуд аралдары

Бұл тізімдегі тағы бір мәрт елдердің бірі — Бермуд аралдары. Ұлыбританияның мұхиттың арғы жағындағы аумақтарының бірі әлемдегі не ішемін, не жеймін деп бас қатырмайтын елдердің бірі. Ел азаматтарының 20 пайызға жуығы одан тыс жерлерде дүниеге келген. Олар не үшін бұл аралдарға әуес екені түсінікті шығар? Бұл азаматтар да әлеуметтік қамсыздандыру жарнасын ғана төлейді. Жылжымайтын мүлік пен мұрагерлік үшін салынатын аздаған салық бар.   

Багам аралдары

Багам аралдары туралы айтпай кетсек болмас. Ешқандай табыс салығы мен пайда салығы атымен жоқ, елдегі барлық жұмыскерлер әлеуметтік сақтандыру жарналарын төлейді. Ал елдің бюджетінің шамамен 70 процентін импортқа салынатын кедендік баж салығы құрайды. Елдің тұрғындары тек жылжымайтын мүлік үшін ғана салық төлейді.

Монако князьдігі

Тағы бір назардан тыс қалмауы керек ел — Монако князьдігі. Ол жерде табыс салығын 19 ғасырдың өзінде жоқ қылған. Онда тек Франция азаматтары салық төлейді, бұндай міндет олардың мойнына 1957 жылы артылды. Андорра жайында да дәл осыны айтуға болады. Бұл құйтымдай мемлекет туризмнің арқасында нәпақасын тауып отыр, ол елде жылына шамамен 9 миллион турист болып қайтады. Бұл болса, елдің бүкіл ІЖӨ 80 процентін құрайды. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (7)

Мұнар

Барлық жер асты байлығынан түсетін ақша халықтыкі, халыққа бөлініп берілуі керек,

Гүлбақыт

Қазақстанда жұмысы жоқтарға да салық салғалы жатыр не салып та қойды, масқара! ал басқа мемлекеттерде жұмысы жоқтарға пособие төлейді.

Дина

Халыққа салық салу орта ғасырлардан қалған жабайылық! Халықты тонаудан басқа нәрсе емес. Арабтар сияқты байлар малының 40 тан 1 бөлігін кедейлерге таратсын. Сол жамандап жүрген Арабтардан адамгершілікті үйрену керек)

Марат

Экспоға кеткен шығынды халықтың қалтасынан төлеп, үкімет дәнігіп алды. Енді бұларды тоқтата алмаЙсың.

Дастан

Тоқтата алмайсың десең тоқтата алмайсың. Тоқтату оңай. Тоқтайды бәрі.

Myrza

керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз