Эссе және өлең-жыр байқауы

Креативтілікті шыңдаудың шынайы 7 әдісі

Креативтілік — жауабы табылмаған жұмбақ. Нейроғылымның үлкен жетістіктеріне қарамастан, ғалымдар күні бүгінге дейін адамдарға қалай таптырмас идеялар келетінін түсіндіре алмай дал. Бір қызығы, ерекше идеялар тасқыны саябырсымақ емес. Ең маңыздысы — біз шығармашылық әрекетке озық ғылыми білімдерді қолдана отырып, әсер ете аламыз. Мидың ерекшеліктерін қолданып, креативтілікті қалай арттыруға болады? — толығырақ мақалада.

1 - Өзіңізге шектеу орнатыңыз

Зерттеуге сәйкес [Ward, Thomas B.,1994: https://eric.ed.gov/?id=EJ494059], креативтілікке қарсы үлкен тосқауылдардың бірі — адамдардың мидың қызметін аз мөлшерде пайдаланатын жолды таңдай отырып, бұрын-соңды жасалған идеяларға арқа сүйеуі.

Ғалымдардың пайымдауынша, ерікті шектеулер қоя білу креативтілікті жақсартады. Себебі, бұл бағыт шығармашыл адамдардың өзін қалыпты, жайлы зонасынан шығып жұмыс жасауға итермелейді.

Мысалы, сізге әлденені 1000 сөзбен сипаттау қажет болса, әуелі 500 сөзбен дәл солай жасауға тырысып көріңіз. Осылайша сізге аз сөзге ауқымды ақпаратты сыйдырудың оңтайлы жолын іздеуге тура келеді.

Мұны «100 идея» атты креативті әдістің көмегімен іске асыруға болады. Әуелі, проблемаңыздың шешімін табу үшін кез келген 100 идеяны ойластырасыз. Тіпті, ақылға қонымсыз, қиял-ғажайып идеяларды да бұл тізімге қосып қойсаңыз болады. Аталған әдіс сізді қалыпты шеңберден шығуға итермелейді.

2 - Мәселені қайта қарастырыңыз

Ғалымдардың шығармашылыққа бейім адамдардан байқаған тағы бір ерекшелігі — мәселені қайта-қайта қарау үрдісі. [Csikszentmihalyi M., 1971: https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/5558339]

Креативті адамдар проблеманың шешу жолдарын (креативтілігі аз әріптестері сияқты) белсенді түрде ойлағаннан гөрі, тапсырмамен әрлі-берлі ойнап, жан-жақтан қарастырып, уақыт өткізетін көрінеді.

Мысалы, сізді не саларын білмей отырған суретші делік. Ол көрерменге эмоция тудыратын әлдене жасағысы келеді. Суретші қанша ойланса да, оған ауыз толтырып айтарлықтай бір де бір идея келмейді. Бұл жағдайда суретші проблемаға басқа қырынан қарап, «Қандай визуалды образ жалғыздық сезімін тудыруы мүмкін?» деудің орнына, «ерекше эмоционалды дүниені қалай саламын?» деген пікірге ойын шоғырландырады.

3 - Менталды қашықтық жасаңыз

Тапсырмадан немесе мәселеден алыстау, шығармашылық түйінді шешуге және түсінуге көмектесетіні бұрыннан белгілі. Бірақ, уақытша алшақтаудан басқа, «кеңістікті» алшақтауды да қолданып көруге болады.

Мысалы, мына зерттеуге [Lile Jia, Edward R, 2009: https://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S0022103109001267]  қатысқандардан мәселеге жақынан емес, алыстағы нәрсе сияқты қарап көруді тапсырғанда, адамдар екі есе көп тапсырманы орындай алған.

Сізге жүктелген тапсырма сіздің өзіңізден және орналасқан жеріңізден қашықтағы нәрсе ретінде елестетіп көріңіз. Зерттеуге сүйенсек, бұл тәсіл проблеманы түбегейлі түсінуге және оны шешуде креативтілікті көбірек танытуға көмектеседі.

4 - Қиялға берілместен бұрын, білек сыбана еңбек етіңіз

Ұйықтау немес армани күйде болу шығармашылық барысына жақсы әсер етенінін ғылыми зерттеулердің көбі растағанымен, айта кетерлік тағы бір жайт бар.

Зерттеудің біріне  [Zhong CB, 2008: https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/18947357] сүйенсек, көбінесе, проблемаға қаншалықты аз күш жұмсаған болсаңыз, қиял деңгейіндегі армандардың да сізге тиер көмегі аз болмақ. Яғни армандаудың әсері шығармашылық күшіңізді ерекше салған жобаңызда тиімдірек болмақ.

Сол үшін де еркін ойға берілмес бұрын, шығармашылық әрекетпен қаншалықты байланыста екеніңізді анықтап алыңыз. Сонда ғана ауқымды нәтижеге қол жеткізетін боласыз.

5 - Санаңызды абсурд тұңғиығына батырыңыз

Зерттеуге сәйкес [Travis Proulx, 2009: https://journals.sagepub.com/doi/abs/10.1111/j.1467-9280.2009.02414.x], абсурдты немесе сюрреалист дүниені оқу/уайымдау шығармашылық ойды ынталандырады екен.

Мысалы, жоғарыдағы зерттеуге қатысқандар Франс Кафканың (Франц Кафка — XX ғ. ең негізгі неміс тілді жазушылардың бірі. Шығармалары абсурд пен сюрреализмге толы.) шығармасын оқыды. Алайда, психологтар сонымен қатар басқа кітаптарды, мәселен, «Алиса ғажайыптар елінде» шығармасын оқуға да кеңес береді.

Ғалымдар ақыл үнемі көріп тұрған нәрсесін ұғынуға тырысады деген шешім шығарды. Ал сюрреалисттік немесе абсурдты шығармашылық қысқа уақытқа миға аса көп жұмыс беріп жібереді: ол не нәрсеге қарап тұрғанын немесе не оқып жатқанын нақты түсінуге тырысады.

Егер сіз шығармашылық мәселеңіздің тығырығына келіп тірелсеңіз, Сальвадор Далидың картинасын тамашалаңыз, немесе Уильям Берроуздың, болмаса, Кафканың шығармаларын оқыңыз.

6 - Интенсивті көңіл-күйде болғанда шығармашылықпен айналысыңыз

Ұзақ уақыт бойы қуаныш — шығармашылық үшін таптырмас көңіл-күй деп есептеліп келді.

Десе де, Америка психологиялық қауымдастығы 2007 жылғы зерттеуінде эмоцияның жағымдысы да, жағымсызы да ұлғайған кезде креативтілік жақсарады деген тоқтамға келді.

Сондықтан, сіз энергиясын шығармашылыққа бағыттай отырып, ең күшті негативіті сезімдеріңізді де пайдаңызға жарата аласыз.

7 - Қимылдаңыз

Физикалық жаттығулар тек денеге ғана емес, сонымен қатар миға да пайдалы.

Қазіргі таңда көптеген зерттеулер креативті ойлауға белсенді қозғалыстың пайдасы зор екенін алға тартуда, соның бірі мынау. [Lorenza S.Colzato, 2013: https://www.frontiersin.org/articles/10.3389/fnhum.2013.00824/full]

Ғалымдардың пайымдауынша, бұл әсер мидың қанмен қамтамасыз етілуінің жақсаруы мен көңіл-күйдің жоғарылауынан пайда болады. Махаббат жайлы ойлау креативтілікті ынталандырады деген зерттеулер де осыған ұқсас. Мұндағы мәселе әрекеттің өзінде емес, көңіл-күйдің өзгеруінде.

Бос уақытыңызда физикалық жаттығулар жасаңыз — бұл сізге қандай да бір инсайт берері сөзсіз. Сондай-ақ, бұл инкубация (психологияда термин) әсерін де іске қосу мүмкін.

Түйін

Креативтілігіңізді шыңдау үшін төмендегі ғылыми негізделген әдістерді қолданыңыз:

— Миыңыздың бейстандарт ойлауы үшін, өзіңізді комфорт аймағынан алып шығыңыз.

— Мәселеге әр тараптан қарауға көбірек күш жұмсаңыз.

— Түйткілді мәселеден ойша арылып, басқа, алыс жерге апарып тастаңыз. Сосын оған жоғарыдан қарап көруге тырысыңыз.

— Жұмыс барысында түпсананы қоспас бұрын, алдымен, берілген тапсырманы рационалды мимен орындап көріңіз.

— Миды біраз сілкіп алу үшін, абсурдты дүниемен жұмыс жасауға итермелеңіз.

— Қуанышта да, өкініште де шығармашылықпен айналысыңыз. Кез келген интенсивті қобалжу сіздің креативтілігіңізді жақсарта түспек.

— Көбірек қимылдаңыз. Бұл миға қанның дұрыс баруын қамтамасыз етеді және көңіл-күйді жақсартады.

bilim-all.kz, Назерке Әсетова

Оқуға кеңес берміз:

Шектеулердің өнімді және тапқыр болуға қандай пайдасы бар?

Disney компаниясының адамды шабыттандырар 3 сабағы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...