Өлең, жыр, ақындар

Халқы жойылып кету қаупі бар 10 ел

Әлем халқы қартаюда, барлық елдерде қарт адамдар санының артуы байқалады, қартаю деңгейі бойынша Жапония бірінші орында.

БҰҰ сарапшылары 2020 жылдан 2050 жылға дейінгі әртүрлі елдердегі халық саны мен халықтың азаюы деңгейіне қатысты болжамдар жариялады.

Сараптамаларға сәйкес халық саны азаюы мүмкін 10 елге мыналар кіреді:

1. Болгария

Халық санының 2020 жылы 6,9 миллионнан 2050 жылы 5,4 миллионға дейін, яғни 22,5%-ға төмендеуі болжануда.

Болгар халқының жүйелі түрде азаюы экономикалық өсуге және әл-ауқаттың жақсаруына кедергі келтіреді, ал жағымсыз әсерлерді азайтуға бағытталған басқару шаралары мәселенің егжей-тегжейін қозғамайды.

2017-2021 жылдарға арналған алғашқы мемлекеттік бағдарлама үрдісті тоқтатуға бағытталған.

Бағдарламада сондай-ақ мақсатқа жетудің басым тәсілдерін анықтайды: туу коэффициентін арттыру, жастардың эмиграциясын азайту және болгар бизнесінің қажеттіліктеріне бағытталған заманауи иммиграциялық саясатты жүзеге асыру үшін нормативті және институционалды әлеуетті құру шаралары қарастырылған.

 2. Литва

Елдегі халық саны 2020 жылы 2,7 миллионнан 2050 жылы 2,1 миллионға дейін, яғни 22,1%-ға төмендейді деп болжануда.

Халық санының төмендеуінің негізгі себептері тұрғындардың тез көшіп кетуі, өлімнің артуы және туу деңгейінің төмендеуі болды.

Түрлі ақпарат көздеріне сүйенсек, тәуелсіздік алғаннан және 2004 жылы ЕО-қа кіргеннен Литвадан миллионға жуық тұрғындар кеткен.

Олардың көпшілігі Батыс Еуропаға жұмыс істеуге кетті. 2010 жылдан 2019 жылға дейін халық саны 12% азайған.

3. Латвия

Елдегі халық саны 2020 жылы 1,9 миллионнан 2050 жылы 1,5 миллионға дейін, яғни 21,6%-ға төмендейді деп болжануда.

Халық санының табиғи төмендеуінің салдарынан өлім-жітім коэффициенті туу коэффициентінен асқан кезде тұрғындардың жалпы саны 7,1 мың адамға азайды, ал көші-қон нәтижесінде олардың саны тағы 2,5 мың адамға азайды.

Латвиядан кететін азаматтардың көбісі Ирландия мен Ұлыбританияға қоныс аударады екен.

4. Украина

Елдегі халық саны 2020 жылы 43,7 миллионнан 2050 жылы 35,2 миллионға дейін, яғни 19,5%-ға төмендейді деп болжануда.

Халық санының төмендеуі Украинаның барлық аймақтарында байқалады. Украинадағы күрделі геосаяси және экономикалық жағдай елде эмиграцияның ұлғаюына, сонымен бірге туу деңгейінің төмендеуіне әкелді.

5. Сербия

Елдегі халық саны 2020 жылы 8,7 миллионнан 2050 жылы 7,1 миллионға дейін, яғни 18,9%-ға төмендейді деп болжануда.

Сербия әлемдегі халық өсімінің ең теріс көрсеткішіне ие. Туудың жалпы коэффициенті бір анаға 1,44 бала, бұл әлемдегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі.

Туу деңгейінің төмендігі және жастардың эмиграциясына байланысты, ел әлемдегі халықтың орташа жас мөлшері ең жоғары он елдің қатарына кіреді.

6. Босния және Герцоговина

Елдегі халық саны 2020 жылы 3,3 миллионнан 2050 жылы 2,7 миллионға дейін, яғни 18,2%-ға төмендейді деп болжануда.

Босния және Герцеговина — Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы мемлекет. Балқан түбегінің батыс бөлігінде орналасқан.

Бүгінгі таңда бұл жұмыссыздық деңгейі өте жоғары Еуропадағы ең кедей елдердің бірі. Негізгі сыртқы сауда серіктестері Еуропалық Одақ елдері болып табылады.

Халық санының азаюына Еуропалық Одақтың табысты елдеріне эмиграцияның жоғары деңгейі және бала туу деңгейінің төмендеуі себеп болып отыр.

7. Хорватия

Елдегі халық саны 2020 жылғы 4,1 миллионнан 2050 жылы 3,4 миллионға дейін, яғни 18,0%-ға төмендейді деп болжануда.

Хорватия бұрын Югославияның құрамында болған елдердің ішінде ең дамығаны.

Алайда 1991 жылы болған соғыс салдарынан мемлекеттің экономикасы әлі қалпына келуде. Елде жұмыссыздық деңгейі жоғары, ол 17% құрайды.

8. Молдавия

Елдегі халық саны 2020 жылы 4,0 миллионнан 2050 жылы 3,4 миллионға дейін, яғни 16,7 % төмендейді деп болжануда.

Еңбекке қабілетті халықтың едәуір бөлігі Ресейдегі еңбек көші-қонында.

Халық санының азаюы туу деңгейінің төмендеуіне және сыртқы көші-қонның теріс сальдосына байланысты.

9. Жапония

Елдегі халық саны 2020 жылы 126,5 миллионнан 2050 жылы 105,8 миллионға дейін, яғни 16,3%-ға төмендейді деп болжануда.

Жапония — өмір сүру деңгейі өте жоғары дамыған ел. Жапонияда өмір сүру ұзақтығы ең жоғары және нәрестелер өлімінің деңгейі ең төмен.

Алайда жапон қоғамы тез қартаюда. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін туудың өсуін бала туу деңгейінің төмендеуі басты.

Демографтар мен үкімет бұл мәселені қалай шешуге болатындығы туралы қызу пікірталастар жүргізуде. Демографиялық мәселелерді шешу үшін тууды ынталандыру ұсынылды.

10. Албания

Елдегі халық саны 2020 жылғы 2,9 миллионнан 2050 жылы 2,4 миллионға дейін, яғни 15,8%-ға төмендейді деп болжануда.

Халық санының азаюының негізгі себептері — көші-қонның көбеюі және туудың төмендеуі.

Керімсал Жұбатқанов тарих ғылымдарының кандидаты

Оқуға кеңес береміз:

Әлемдегі ең бақытты елдер

Құрдымға кеткен елдер


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (11)

Сәкең

Жапондар жойыла қоймас

Кайрат

Өте жақсы тартымды

Нұраддин .

Қоғамдық ұлттық деңгейіміз күн-көріс, жоғары болса тарқамаймыз ағайындар!!!

сала

ала тагала баримизди коргаиды барлык ел аман болсын

Жәмила

Алдағыны бир Аллаh биледи,аспанымыз ашық жеримиз тыныш болсын!

Baha

Неге Жапония жойылып кетуі мүмкін ол жақта бізден көпқо адам саны?¿?¿??¿?¿?¿?¿

Дастан

Жапон қоғамы тез қартаюда деп тұр емес па?

Myrza

Өте керемет!

тек

тек алга

Аяжан

Қазақтың саны өссе екен тез))

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз