Дархан есімінің мағынасы

көне түркі тілінен тархан, тархат. Көне тұркі жазба ескерткіштерінде атақ, дәреже ретінде кездеседі. Махмұд Қашқари, Абұлғазы Бахадұр енбектерінде мағынасы 9 түрлі кінадан босатып, ерік, кеңшілік берілген, хан ордасына еркін кіріп шыға алатын және бұл ерік 9 атасына дейін кететін адам. Біріккен тұлғалы есімдер - Дарханбай, Дәркенбай.





Қосымша есімдер:


Дайана

Дайана есімінің мағынасы: латын тілінен алынған Диана — пәктік пен ай құдайының аты.

Дамира

Дамира есімінің мағынасы: жаңа есім — «да здравствует мир» , әйелдер есімінің қосымшасы «а».

Дана

Дана есімінің мағынасы: иран тілінен — білгір, данышпан.

Данагүл

Данагүл есімінің мағынасы: иран тілінен — гүлдей құлпырған дана, данышпан, ақылды деген мәнде қойылған есім.

Дара

Дара есімінің мағынасы: қазақ тілінен алынған ерекше, өзгеше, яғни басқадан артық. Яғни бала басқадан ерекше, артық, ақылды я сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім.