Қалдарбек есімінің мағынасы

иран тілінен алынған хол — денедегі мең + көп, жалғауы - дар + бек. Денеге шыққан қалы болса, ондай адам бақытты саналған. Сондықтан есімдер сыңарына қал сөзі жиі қосылып отырған. Мысалы: Қалдыбай (Қалыбай), Қалдыбек (Қалыбек), Аққал т. б.





Қосымша есімдер:


Қазиза

Қазиза есімінің мағынасы: (қараңыз: Ғазиза).

Қазила

Қазила есімінің мағынасы: араб тілінен алынған қази , қазы — даулы іске билік айтушы + ла қосымша.

Қазына

Қазына есімінің мағынасы: араб тілінен алынған хәзинә — байлық, қойма; қазына. Аса қымбатты деген мағына береді.

Қаламқас

Қаламқас есімінің мағынасы: жіңішке келген әдемі қара қас. Халық арасында кеңінен тараған есім.

Қалбибі

Қалбибі есімінің мағынасы: (қараңыз: Аққал).