Нұрасыл есімінің мағынасы

"нұр" мен "асыл" сөздерінің қосындысы. Асыл – араб тілінен алынған әсил – 1) негіз, түбір, түп нұсқа; 2) шынайы, нағыз; 3) қымбатты, ардақты.





Қосымша есімдер:


Нағиза

Нағиза есімінің мағынасы: иран тілінен — әдемі, сұлу, көркем.

Нағима

Нағима есімінің мағынасы: араб тілінен алынған нагімә — мейірімді, жарқын, инабатты; биязы, нәзік, жұмсақ.

Назгүл

Назгүл есімінің мағынасы: (қараңыз Гүлназ).

Найра

Найра есімінің мағынасы: араб тілінен алынған нәирә — нұрлы, көркем, айқын, жарқын.

Нарша

Нарша есімінің мағынасы: нардай мықты, қайратты, жігерлі.